Афиша

Қазақтың салт-дәстүрі Мәскеуде таныстырылады

25.10.2018

Енді Мәскеудегі "Дружба" мәдени орталығының дәстүріне айналған "Әлем елдерінің салт-дәстүрі" атты жобасы аясында ресейліктерге қазақ хал­қының мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылмақ.

Жиын ағымдағы жылдың 26 қазанында "Дружба" мәдени орталығында өтеді деп күтілуде. Келген қонақтарға еліміздің архитектуралық ерекшеліктері мен қазақтың мәдени мұрасы турасында құнды мәліметтері турасында сыр шертілетін презентация ұсынылмақ.

"Жуырда орталықта Беларусь елінің мәдениеті таныстырылған болатын. Кездесу барысында жиынға қатысушылар сол елге барып, салт-дәстүрлері мен архитектурасын көруді  ұйғарған болатын. Біздің қалауымыз да сол болатын", – дейді "Достық" мәдени орталықтың  меңгерушісі  Ирина Мирошниченко.

Еске сала кетейік,  Қазақстан туралы дәріс "Дружба" мәдени орталығында 26 қазанда сағат 15:00-де көрсетіледі. Мына мекен – жай бойынша: Медынская көшесі, 6А үй.