Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Патриарх Кириллмен кездесті

22.09.2023

Құтқарушы Мәсіхтің ғибадатханасында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті.

Тараптар дін саласындағы өзара ынтықақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, бұған екі елдің саяси және рухани басшылығы арасындағы қарым-қатынастың сенімді сипаты ықпал етеді.

Патриарх Кирилл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделінің өзектілігі, тиімділігі мен қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дінаралық диалог, тату көршілік және өзара сыйластық қағидаттарын қолдау мен бекітуде одан әрі сындарлы ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев Патриарх Кирилл басқарған Орал және Атырау епископына архимандрит Вианордың епископтық тағайындауына қатысты.