Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мемлекеттік Думаның бірінші вице-спикері А.Жуковпен кездесті

1.09.2023

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік Дума мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық парламенттік комиссияның тең төрағасы Александр Жуковпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың деңгейіне жоғары баға беріп, парламентаралық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті.

Дәурен Абаев Александр Жуковты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.