Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Президентінің кеңесшісі А. Кобяковпен кездесті

22.08.2023

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі, Шығыс экономикалық форумын ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковпен кездесті.

Екіжақты ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, 10-13 қыркүйекте Владивосток қаласында өтетін VIII Шығыс экономикалық форумына қазақстандық делегацияның қатысуы талқыланды.

Дәурен Абаев атап өткендей, бұл форум Қиыр шығыс өңірлерімен және олардың аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Форум аясында қазақстандық делегацияның Ресейдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен, сондай-ақ шетелдік қонақтармен кездесулері жоспарланған.

Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының күзгі форумы аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.