Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Д.Абаев РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Рябковпен кездесті

15.08.2023

2023 жылғы 15 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковпен кездесті.

Қазақстан мен Ресейдің көпжақты алаңдар, атап айтқанда БРИКС мемлекетаралық бірлестігі аясындағы өзара іс-қимылының мәселелері талқыланды.

Форумның "БРИКС+" форматына дейін кеңеюінің болашағы бойынша пікір алмасылды.