Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы коронавирустық пандемия жағдайында және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

30.04.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен, "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты және ЕАЭО шеңберіндегі сауда-экономикалық қатынастар КВИ пандемиясындағы және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі: қауіп-қатерлер, қиындықтар мен мүмкіндіктер" тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – қазіргі дағдарыста оңтайлы әрекеттесуге "бас қосу" және өзара сауданың қол жеткізілген деңгейін сақтап қана қоймай, оны дағдарыстан кейінгі кезеңде арттыратын жаңа тетіктерді іздеу болып табылады.

Отырыс барысында, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев коронавирустық пандемия Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасында ғана емес, сонымен қатар барлық елдер арасында жаңа көкейкесті мәселелер тудырып отырғанын және елеулі қауіптер туғызғанын атап өтті. Оның ішінде: өндіріс көлемінің төмендеуі, экспорттық тауарлардың негізгі түрлері және халықаралық сауда бағаларының төмендеуі, ұлттық валюталардың ауытқуы. Мұның бәрін тек бірлескен күш-жігермен жеңуге болады. ЕАЭО елдері Президенттерінің 14 сәуірдегі Бірлескен мәлімдемесінде атап өткендей, COVID-19 пандемиясымен күрес белгіленген кооперативті байланыстардың үзілуіне, халықаралық саудадағы тоқтап қалуға және инвестициялық белсенділіктің тоқтатылуына әкелмеуі керек. Бүгінгі конференцияны өткізудің қажеттілігі де осы, - деп мәлімдеді Ермек Көшербаев.

Конференция модераторы, ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша Алқа мүшесі (министр) Гегам Варданян пандемия біздің елдер экономикасына цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндіктер ашатынына көңіл бөлді. Оның айтуынша, бұл үрдіс физикалық шекараларды айналып өтіп, тауарлар мен қызметтердің халықаралық сатылымын жаппай және қолжетімді етуге әкелетін құбылыс.  Сонымен қатар, оның пікірінше, бұл саладағы шектен тыс реттеу үрдістің дамуын тоқтату қаупін тудырады. Тағы да бір кедергі ол – ұлттық нормалар мен әртүрлі елдердегі актілердің айырмашылығы. Министр Варданян ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыруда осы факторларды ескеруге шақырды.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, ғаламтор саудасы дәстүрлі сауданы қаншалықты алмастыра алатыны дағдарыстан кейін белгілі болады. Ол бүгінде әлемдік экономика жаппай бастан өткеріп жатқан дауылды атады: шекаралар жабылып, мұнай бағасы құлдырап, экспорт шектеліп, ЕАЭО ішіндегі сауда көлемі төмендеп жатыр. Вице-министр біздің елдеріміздің одан әрі дамуын неғұрлым тығыз интеграциямен байланыстыру қажет және өзара сауданы – өсудің негізгі драйвері ретінде қолдаудың бірлескен шараларын әзірлеуді қажет деп санайды.

Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздев ағымдағы жылда айқын себептермен, әр уақытта көпжоспарлы әрі толыққанды болған Қазақстан мен Ресейдің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығында төмендеу күтілуде деп мойындады. "Бірақ біздің елдер өзара қолдау жасауға әбден дайын. Жалпы бұл келеңсіз жағдайында кәсіпорын деңгейінде де, қарапайым адамдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шешімдер мен әрекеттер ерекше мәнге ие", – деді ол.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі Серік Жұманғарин ХВҚ биыл әлемдік экономикада 3% құлдырау болады деп болжағанын еске салды – егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,1% болған болса, бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Алайда, ол құлдырау ЕАЭО мүше елдер үшін орнықты болады және одақ аясындағы интеграция мен өзара сауданың сәтті болатынына сенім білдірді.

Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық өмірдің осал болып тұрғандығын және халықаралық саудаға елеулі зиян келтіріретіндігін ескере отырып, жиналысқа қатысушылар пандемияның Қазақстан мен Ресейдің экономикасына теріс әсерімен күресу үшін бірлескен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды өте маңызды деп санайды. Дәлірек айтсақ, жеткізу тізбегін тез қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде өзара сауданы арттыру, бұл саудадағы кедергілерді алып тастауды, шекарадан тауарларды өткізуді жеңілдетуді және сертификаттау рәсімдерін, соның ішінде цифрландыру арқылы жеңілдетуді талап етеді.

Отырыстың қорытындысы бойынша пандемияның екі жақты экономикалық ынтымақтастыққа тигізетін кері әсерлерін жою бойынша ұсыныстар және дағдарыс кезінде жинаған тәжірибені ескере отырып, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын қабылдау жоспарланды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер