Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Жақын көрші алыс туыстан артық

28.11.2018

Қазақтың көне мақалында осылайша айтылады. Бұл тезис сарапшылар екі жақты өзара іс-қимылдың үлгісі деп атайтын Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қатынастардың сапасы мен деңгейіне толық сай келеді.

Осы жемісті ынтымақтастыққа бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде өткен «Қазақстан-Ресей: стратегиялық әріптестіктің жиектері» атты конференциясы арналды.

Іс-шара барысында ынтымақтастықтың көптеген салалары, сондай-ақ нақты жобалар талқыланды. Олардың тізімі тек қарқынымен ғана емес, өз түрлілігімен таң қалдырды.

Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі Төтенші және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов әлемдік тәртіптің терең құрылымдық өзгерістеріне қарамастан, Қазақстан-Ресей байланыстары тұрақтылығы және болжамдығымен, өзара құрмет қағидаларын сақтауымен, тату көршілік және одақтастығымен ерекшеленеді. Оның сөзінше, Қазақстан және Ресей өзара іс-қимылы көптеген халықаралық үдерістерге оң әсерін тигізеді, ең күрделі шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуге мүмкіндік береді.

"Қиын экономикалық жағдайда біздің экономикаларымыздың бейімделу құралдары мен Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бірлескен күш салуы арқасында өзара саудадағы оң қарқын қалпына келтірілді. Бұл көптеген жылдар бойы елдеріміз арасында жаһандық құрылымдық және конъюнктуралық өзгерістерге тиімді ден қоятын ынтымақтастықтың тұрақты тетігі қалыптасқанын білдіреді", – атап өтті дипмиссия басшысы.

Бұл тезистің расталуы Ресей Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы – Министрдің орынбасары Григорий Карасиннің сөзінде айтылды. Оның сөзінше, Қазақстан-Ресей қатынастары достық, өзара құрмет, тату көршілік мықты дәстүрлер негізінде белсенді дамуда және барлық деңгейлердегі қарқынды саяси байланыстармен сипатталады. "Біздің стратегиялық әріптестігіміз бен интеграциямыздың тереңдеуі екі ел халықтарының мүдделеріне сай. Бұл гүлдену мен саяси тұрақтылықтың бекем кепілі. Ортақ экономикалық саясат пен халықаралық алаңдағы үйлестірілген жол бізді кез-келген қиындықтар алдында төтеп беруге және болашақ пен өзара әрекеттестігіміздің жаңа жиектеріне сенім білдіргім келеді", – деп қорытындылады ресейлік дипломат. 

Әлемдік нарықтағы тұрақсыз ахуалда салалардың өзара іс-қимылы үшін ортақ үйлестіруші платформалардың құрылуы сөзсіз артықшылық деп санайды Ресей Ғылым академиясы Экономика институтының ТМД елдері экономикасы бөлімінің жетекшісі Аза Мигранян

"Қолда бар қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, біз экономикалық ынтымақтастықты күшейту, екіжақты және көпжақты форматтардағы ортақ интеграциялық платформаларды нығайту бағытында әрекет жасаймыз", – деп пайымдайды сарапшы.

Еуразиялық талдау клубының жетекшісі Никита Мендковичтің ойынша, саясаткерлер мен дипломаттар барлық мәселелермен айналыса алмайды. Сондықтан да іргелес бағыттарды зерттейтін сарапшылар қажет. Осыған орай, сарапшы ғылыми ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. "Табиғат заңдарын жақсырақ түсіне бастағанымызда ғана бір-бірімізді дұрыс түсінетін боламыз. Біздің ғылыми мектептеріміздің ынтымақтастығы көптеген өзекті проблемаларға жаңа тәсілдерді аша алады», - деді сарапшы. Атап айтқанда, оның пікірінше, уранды өндіру мен қайта өңдеу саласында екі ел технологиялары мен ресурстарын біріктіру әлемдік ядролық нарықтағы көшбасшылыққа жеткізеді. «Бұл біздің ортақ жеңісіміз, ортақ экономикалық табысымыз болады. Бұның келешегі зор", – деп түйіндеді сарапшы.

Конференцияны қорытындылай келе, оған қатысушылар Қазақстан және Ресей екіжақты қатынастарының өсуі үшін бар мүмкіндіктерді қолдануға және оларды түрлі салаларда үйлесімді  дамытуға шақырды. Соңғы 27 жылда, бәлкім елдеріміз еуразиялық кеңестіктегі жалғыз модераторлар. Ынтымақтастың әлеуеті өте жоғары. Ең бастысы – екі мемлекет арасында туындайтын сұрақтар сенімділік пен өзара диалог жолымен әрқашан ойдағыдай  шешімін тауып жүр.

Фотогалерея

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер