Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Сарапшылардың пiкiрлерi

Хабар 24: Сарапшы: Технологиялық және экономикалық даму рухани жаңғыртумен қатар жүргенде ғана өміршең болады

24.04.2017

Елбасы мақаласы Ресейлік сарапшы рухани жаңғырту «Технологиялық және экономикалық даму рухани жаңғыртумен қатар жүргенде ғана өміршең болады», - дейді Ресей Президенті жанындағы Экономикалық кеңестің мүшесі және «Қоғамдық келісім» ұлттық жоба институтының басшысы Александр Аузан.

Себебі әлеуметтік-мәдени факторлардың экономикаға ықпалын зерттеген Ресейдің жетекші ғалымдары «мәдениеттің алға басуы экономикалық реформалардың тиімділігін арттырады» деген тұжырым жасап отыр. Александр Аузан, Ресей Президентінің жанындағы Экономикалық кеңестің мүшесі: - Мәдениет үшін экономика қаншалықты маңызды болса, соншалықты мәдениет те экономика үшін қажет сала.

Бұл жерде менің мәдениет деп айтып отырғаным тек қана өнер, театр мен мұрайжай емес, кең мағынада. Бұл ұғымға тарих пен география, табиғи ортаның ықпалымен қалыптасатын құндылықтар мен өмір сүру дағдылары, жаман және жақсыны ажырататын экономикалық қағидалар кіреді. Сондықтан көп жағдайда мәдениет ілгері итермелейтін күш болса, кейде жолды бөгейтін кедергі де болуы мүмкін. Жаңғыртудың сыры мәдениетке барынша мән беріп, оның пайдалы немесе  кедергі болатын тұстарын ажырату және сол кедергілерден бас тартуда жатыр.

Источник: www.24.kz

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер