Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Сарапшылардың пiкiрлерi

Хабар 24: Мәскеуде Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселесі талқыланды

30.05.2017

Әйгілі ресейлік саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, философтар мен тарихшылар, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар дөңгелек үстелде бас қосты. Олар мемлекеттің тиімді жаңғыруы үшін қазіргі заманғы азаматтың қандай болу керектігін талқыға салды.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне жиналған сарапшылар қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Қазақстанның бірегей тәжірибесін талқылап көрді. Көптің пікіріне сүйенсек, Қазақстан Президентінің қазақстандық қоғамның мәдени-гуманитарлық саласында белгілеген реформалары бүгінгі таңда өзекті болып отыр.

Дина Аманжолова, тарихшы, РЖҒА-ның корреспондент-мүшесі: - Менің ойымша, ең бастысы білім, ғылымды және гуманитарлық оқуды алға қою керек. Дәстүрімізді – барлық жаналықпен, бүкіл әлеммен ұштастыруға үндеу. Мысалы біз небір тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге кезігіп жатамыз. Сондықтан біз алдағы уақыттарда дәстүрімізге деген сеніммен өмір сүре отырып, жаңалықтың ашықтығын байланыстыра алатын жолды тапқан дұрыс.

Александр Васильев, РҒА шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері: - Қазір бүкіл әлем өте қиын кезеңді бастан кешіп отыр. Жер-жерлерде ұлттық шекараларды, ұлттық мәдениеттің бір бөлігін өшіретін жаһандану үрдістері болып жатыр. Әрине бұл жағдайда ұлттық бірегейлікті сақтай білу керек. Азаматтық қағиданы «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыра отырып, әлемдік қоғамдастыққа енудің негізгі жолымен жаңғыртуға болады, - дейді ғалымдар. Бұл міндеттерді жаңа типтегі азаматтар шеше алады: олар – өмірде нақты ұстанымы бар жаңалықтарға ашық, шығу тегін құрметтеген қазақстандықтар.

Сергей Рекеда, ММУ АТО бас директоры: - Қазақстан саяси ұлт пен оны дамыту мәселесіндегі саяси және экономикалық мәселелерге толығымен әділ сүйенді. Ол әрине қазіргі уақытта дамыған, бірақ мәселе – ұлттың нығаюы мен дамуында.

Источник: www.24.kz

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер