Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Онлайн брондау кезегі

28.03.2018

2018 жылдың 2 сәуірінен бастап Елшіліктің Консулдық бөлімі "Онлайн брондау кезегі" бойынша алдын-ала тіркелген азаматтарды ғана  қабылдайды.

"Кезекті онлайн брондау" кезінде Сіздің өтінішіңіз  Консулдық бөлім сұрағының санатымен сәйкес болуы тиіс.

Нұсқаулық сақталмаған жағдайда, Консулдық бөлім Сіздің кезекті онлайн брондау тіркеуіңізді күшін жоюға және өтініміңізді қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Бір тіркемеңіз  бір адам басына ғана және де бір консулдық іс-шараға арналған.

Ескеретін жәйт, "онлайн брондау кезегіне" тіркелмес бұрын Елшіліктің веб-сайтының "Консулдық бөлім" парақшасында қажетті құжаттардың тізімімен танысуыңыз қажет.

Тізімге сәйкес әзірленген құжаттар топтамасы Сіздің сұрағыңызды жедел шешуге септігін тигізетін болады.

Белгіленген күні, Консулдық бөлімге қабылдау уақытынан 10 минут ерте келуіңіз шарт. Кешігіп келген немесе келмеген жағдайда, "Онлайн брондау кезегіндегі" тіркеуіңіз өз күшін жояды.

Құжаттарды қайта тапсыру мүмкіндігі "Онлайн брондау кезегіне" жаңадан жазылған жағдайда ғана мүмкін болады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер