Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

ҚР азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктері аумағына визасыз сапарлары туралы

16.03.2018

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға сәйкес, 2018 жылғы 10 наурыздан бастап ҚР азаматтары Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы:

– әлемдегі барлық әуежайлардағы тәжірбиеге сәйкес, БАӘ-ге кіру кезінде ҚР азаматтары өз паспортын ұсынуы тиіс, одан соң оның деректері электрондық жүйеге енгізіліп, паспорт парағына мөр басылады;

– 2017 жылғы 23 мамырда Астанада қол қойылған ҚР мен БАӘ арасындағы визасыз сапарлар туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға сәйкес, паспорт жарамдылығының аяқталу мерзімі 6 айдан кем болмауы тиіс, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) талаптарына сай  болуы керек;

– әрбір ҚР азаматының, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке өз паспорттары болуы тиіс, сәбилер ата-аналарының бірінің паспортына жазылмауы тиісті;

– ҚР азаматтары өз паспорттарының қолданыс мерзімдерін анық білуге, сондай-ақ БАӘ заңдарры мен онда болу ережелерін сақтауы тиіс;

– БАӘ-ге халықаралық іздеуде жүргендерден басқа барлық ҚР азаматтарына визасыз кіруге рұқсат етіледі және олардың БАӘ-ге дейін қандай елдерде болғаны есепке алынбайды;

– кәмелетке толған, заң жүзінде өз басына жауап бере алатын ҚР әйел азаматтарына БАӘ-нің аумағына ер адамның ертіп жүруінсіз кіруіне рұқсат етіледі; 

– БАӘ аумағында қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауға байланысты кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының ертіп жүруі тиіс, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан кем емес паспорты бар болуы керек, және де басқа ешбір құжат паспортты алмастыра алмайды.  Ал егер, кәмелетке толмаған бала ата-анасыз сапар шегетін болса, онда баланың ата-анасы немесе сенімді өкілі шығуға арнап келісім берген әрі ережеге сәйкес (Астанадағы БАӘ Елшілігінде, немесе шет елдердегі БАӘ-нің кез-келген дипөкілдіктерінде) заңдастырылған сенімхат ұсынылуы тиіс;

– БАӘ заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, визасыз тәртіппен барғандарға келіссөздер мен кездесулер өткізуге болады;

– визасыз тәртіп  бойынша барған ҚР азаматтарына БАӘ-нің аумағында еңбек етуге бомайды;

– БАӘ заңнамаларына сәйкес, визасыз болу тәртібінің  мерзімін бұзған азаматтарға қатысты қаржылай айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген;

– БАӘ-нің аумағына сапар шегуді ниет еткендер қосымша ақпаратты БАӘ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтынан, немесе "Emirates" пен "Etihad" әуекомпаниялары сияқты  ресми тасымалдаушылардан алуларына болады.

Осыған орай, бұл ақпаратты мүдделі туристік мекемелер мен халықаралық тасымалдаушыларға таратуды, жариялауды сұраймыз.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер