Бекітілген жаңа алгоритмге сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ЖСН келесі тұлғаларға ресімделеді:
- әлеуетті инвесторларға;
- тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушыларға;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жұбайы болып табылатын шетел азаматтарына (азаматтық хал актілерін АХАЖ АЖ тіркеу туралы белгі қою үшін);
- ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетел мемлекетінің балаларына (16 жасқа дейін);
- мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтарына;
- Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушыларына;
- мүгедектігі бар шетел азаматтарына;
- 65 жастан бастап шетел азаматтарына;
- өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілеріне;
- Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтарына.
Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне немесе Министрлікке жеке өзі жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (жүктеу);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт);
әлеуетті инвесторлар үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
- Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органы жасаған инвестициялық шарттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
- өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаның іске асырылуын растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымы;
- көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруы үшін оны «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) қатысушысының тіркеу рәсімдерін жүргізуді растайтын АХҚО ұсынымы;
тауарларды таңбалау және қадағалау шеңберінде тауарлар айналымына қатысушылар үшін қосымша:
- тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға байланысты лауазымдық міндеттерін көрсете отырып, ұйымның «бірінші басшысын тағайындау туралы» және (немесе) ұйым қызметкеріне ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (таңбалау жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін көрсете отырып);
Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған шетелдік азаматтары үшін қосымша:
- аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландырған, мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы заңдастырылған не апостиль қойылған куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
- ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шет мемлекеттің балалары үшін (16 жасқа дейін) қосымша:
- туу туралы куәлік;
- Ата-ананың бірінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
мұраны қабылдауды жүзеге асыратын шетел азаматтары үшін қосымша:
- мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
- мұрагерлікке құқықты растайтын құжаттардың көшірмесі (некелік және туыстық қатынастар, өсиет, сот шешімі);
Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары үшін қосымша мынадай құжаттардың бірі:
- IT білімі туралы дипломның көшірмесі немесе IT саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) және үш жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар IT саласындағы портфолио (салыстыру үшін);
- көрсетілген позицияда кемінде бір жыл мерзімі бар «бірінші басшыны тағайындау туралы» IT-компанияның ішкі құжатының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (IT компаниясының басшылары үшін);
мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша:
- мүгедектікті растайтын медициналық анықтаманың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) өндірушілері мен тіркеушілері үшін қосымша:
- сауда тізілімінен үзінді немесе қызмет түрін растайтын өзге де құжат (пестицидтер, агрохимикаттар және басқа да өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруге арналған лицензия, Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігі, өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тіркеу сынақтары жоспарына енгізілгені туралы растама);
Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтары үшін қосымша:
- басшылық лауазымға тағайындалғанын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін) (құрылтайшылардың шешімі, тағайындау туралы бұйрық).
Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін арнайы куәлік рәсімдеу талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.