Ақпарат
8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
ЖСН беру тәртібі:
ЖСН алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
1) ЖСН беру туралы өтініш (құжат тапсыру кезінде толтырады);
2) Шетелдік төлқұжаттың түпнұсқасы + көшірмесі (шетелдік төлқұжат болмаған жағдайда иесінің аты-жөні латынша жазылған ішкі паспорттың нотариалды куәландырылған аудармасы);
3) USB-flash дискісі;
4) Нотариалды куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда).
!!! ЖСН алу үшін алдын ала онлайн жазылу қажет.
ЭЦҚ беру тәртібі:
ЭЦҚ алу үшін өтініш беруші келесі қадамдардан өтуі керек:
1) ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтына кіру (http://www.pki.gov.kz);
2) ЭЦҚ алуға өтінімді толтыру;
3) Өтінімді басып шығару және қол қою;
4) Төлқұжаттың түпнұсқасы + негізгі бетінің көшірмесі.
!!! ЭЦҚ алу үшін алдын ала онлайн жазылу қажет.
Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде ЖСН, ЭЦҚ алуға келушілерді қабылдау дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін жүргізіледі.
Сіз сілтеме арқылы алдын ала жазыла аласыз (Мәскеу қаласын таңдаңыз, содан кейін "ЖСН / ЭСҚ" санатын, күні мен уақытын таңдаңыз, жеке деректерді толтырыңыз).