Консулдық бөлімнің жаңалықтары

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкету жөніндегі ақпарат

22.04.2022

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы №312 қаулысына сәйкес (сілтемені қараңыз) Ресейден жекелеген тауарларды ЕАЭО елдеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына рұқсат беру негізінде әкетудің уақытша тәртібі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізілді.

Бұл тәртіп заңды тұлғалар немесе коммерциялық мақсатта (негізінен құрал-жабдықтар мен құрамдас бөліктер) Ресейден экспортталатын белгілі бір тауарларға ғана қатысты. Тауарлардың нақты тізбесі жоғарыда аталған қаулының қосымшасында белгіленген.

Ресейден шыққан және шығу сертификаты бар тауарларды рұқсатсыз экспорттауға рұқсат етіледі.

Тауарларды экспорттауға рұқсаттарды олардың түріне қарай Ресей Федерациясының уәкілетті органдары береді.

Жеке тұлғалар тасымалдайтын (оның ішінде пошта жөнелтілімдері арқылы) жеке пайдалануға арналған тауарлар шектеусіз тасымалданады.

Подпишитесь на рассылку