Ақпарат
8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
Құрметті азаматтар!
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін ресімдеуге болады.
Қабылдауға сілтеме бойынша онлайн жазылуға болады. Мәскеу қаласын, одан кейін "ЖСН/ЭЦҚ" санатын, күні мен уақытын таңдап, жеке деректерді толтырасыз.
Ол үшін:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау орталығының http://www.pki.gov.kz сайтына өтіңіз;
– ЭСҚ алуға өтінімді толтырыңыз;
– Өтінішті басып шығарыңыз, оған қол қойыңыз;
– Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен, төлқұжаттың негізгі бетінің көшірмесімен (жеке куәліктің көшірмесі) келу.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті ЖСН алуы үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
– төлқұжаттың түпнұсқасы және электрондық көшірмесі (pdf форматында);
– шетелдіктің толық аты-жөнінің кириллицаға (төлқұжат латын тілінде болса) немесе латын тіліне (төлқұжат кириллицада болса) нотариалды куәландырылған аудармасының (pdf форматындағы) электрондық көшірмесі;
– USB-flash жинақтаушы (ЭЦҚ кілттерін сақтау үшін);
– көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
ЖСН алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық сертификаттау орталығының http://www.pki.gov.kz сайтына өтуі керек;
– ЭСҚ алуға өтінімді толтыруы керек;
– Өтінішті басып шығарыңыз, оған қол қою керек;
– Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің консулдық бөліміне өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжатпен, төлқұжаттың негізгі бетінің көшірмесімен (жеке куәліктің көшірмесі) келуі керек.