Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Консулдық бөлімнің жаңалықтары

Қазақстан азаматтарының назарына!

5.08.2021

Ресей Федерациясы Президентінің 15.06.2021 жылғы №364 Жарлығына сәйкес, Ресейдегі шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясында болуын заңдастыру шараларын қабылдауы керек.

Ресейде уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда азаматтарға жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Ресейде болуды заңды түрде ұзартудан бас тартқан және елден кеткісі келмеген жағдайда, азаматтарға қайтып кіру құқынсыз Ресейден күштеп шығару шарасы қолданылуы мүмкін.

Подпишитесь на рассылку