8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына және оған енгізілген өзгерістерге (2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587) сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы жүргізіледі.
Шетелде уақытша жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының санағын ұйымдастыру және жүргізу шаралары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерге жүктелген.
Көрсетілген қаулыға сәйкес, шетелде санақ жүргізуге Қазақстан Республикасы азаматтарының келесі санаттары жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арқылы қызметтік міндеттерін орындауға байланысты 12 ай және одан да көп мерзіммен шетелде жүрген немесе ұзақ қызметтік іссапармен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олармен бірге жүрген отбасы мүшелерін қоса алғанда);
2) 12 айдан аз мерзімге шетелге уақытша іссапарға , келісімшарттар бойынша жұмыс істеу, оқу (елде болмау мерзіміне қарамастан "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды қоса алғанда) және басқа да себептер бойынша кеткендер (бұдан әрі – респонденттер).
Респонденттер 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 15 қазанына дейін www.sanaq.gov.kz парақшасында санақ бланкілерін электронды түрде толтыру арқылы халық санағына қатысады.
Егер респонденттердің санақтан өз бетімен өтуіне техникалық мүмкіндігі болмаса, Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері ғаламторға кіруге рұқсат етілген орынмен, компьютер құрылғыларымен қамтамасыз етіп, көмек көрсетуге дайын.
Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы санақ кезеңінде Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең жақын шетелдік мекемелерінің біріне бару үшін алдын ала жазылуға тиіс.
Ғаламтор арқылы санақ жүргізу кезінде респонденттер www.sanaq.gov.kz веб-парақшасына тіркелуі керек.
Тіркелгеннен кейін респонденттер үшін санақ парақтарының электронды нұсқалары қолжетімді болады, оларды толтыру қажет. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.
Егер сізде сұрақтар туындаса, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы Комиссияның келесі мүшелеріне хабарласыңыз болады:
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы экономикалық құрылымдарында және өкілдіктерінде, сондай-ақ басқа ұйымдарда келісімшарт бойынша, ротация бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары және т.б.:
Имамбай Мирусат Болатқызы |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің маманы |
+7 495 608-77-40 (қабылдау бөлімі) 8 926 776 74 84 |
Байзақов Данияр Бөгенбайұлы |
ҚР РФ Елшілігінің экономикалық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі |
+7 495 627-18-34 8 930 997 97 59 |
Ресей Федерациясының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары:
Шаймағанбетов Руслан Әмiрбекұлы |
ҚР РФ Елшілігінің саяси талдау бөлімінің 2 -ші хатшысы |
+7 495 627-17-22 8 903 502 97 83 |
Хозеұлы Едiл
|
ҚР РФ Елшілігінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі |
+7 495 627-17-16 8 985 747 11 31 |
Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары:
Қорғанбеков Нұрбек Маратұлы |
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы әскери атташесінің орынбасары |
+7 495 627-18-35 8 925 888 60 77 |