Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Туризм

АЛМАТЫ

Алматы  – 70 жыл бойы Қазақстанның астанасы болған елдiң ең iрi қаласы. Қазіргі таңда Алматыны «Оңтүстік астана» деп те атайды. Шын мәнінде, қарқындылығы, экономикалық, қоғамдық және мәдени өмiрi жағынан – бұл - астаналық қала.

Алматы Іле Алатауының етегiнде орналасқан, сондықтан ауа райы ашық болған кезде, қаланың кез-келген нүктесiнен тау шыңдарын көруге болады. Географиялық жағдайы бойынша қала жоғарыдан төменге қарай орналасқан. Сондықтан алматылықтар қаланың бағдарын білдірген кезде, «жоғары» және «төмен» ұғымдарын жиі қолданады.

Тарих

Алматы қаласының орналасқан аумағы ежелгi замандардан бері әр түрлi халықтар мен тайпалардың белсендi өмiр сүрген орыны болған. Дәл осы өлкеде кезiнде сақтар (сілтеме – 3-б, 3-т – сақ тайпасы) өмір сүрген. Археологтар олардың обаларын қаланың маңайынан, тіпті қала аумағынан да тапқан.

Алматының қазiргi тарихы 1854 жылдан басталады, сол жылы Ресей империясының билiгi (сілтеме – 3-б, 10-т – СССР құрамындағы Қазақстан), бұл аумаққа әскери бекініс салу шешім қабылдап, оған Верный атауын берген.

1921 жылы кеңес өкiметi кезінде Верный қаласының атауы Алматы (орысша құжаттарда - Алма-Ата) деп өзгертілді.

1929 жылы осы уақытқа дейін Қызылорда қаласында болған Қазақ АССР-ы астанасы Алматыға көшілірді. Кейін 1936 жылдан бастап Алматы Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының астанасы болды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсiздiгін алған жылы Алматы атанды.

Бұл атақты 1997 жылы Астанаға берсе де, Алматы елдің маңызды ғылыми, мәдени, өндiрiстiк, қаржылық орталығы болып қала береді. Қазақстанның барлық қонақтары үшiн Алматы саяхаттың маңызды орны болып есептеледі.

Көрікті жерлері

Көк-төбе – теңiз деңгейiнен 1100 м биiктiкте орналасқан, қаланың аумағындағы тау.Таудың етегiнде 350-метрлік телемұнара қойылған. Егер теңiз деңгейiмен есептер болсақ, онда бұл әлемдегі ең биiк мұнара.

Көк-төбеге әуе трамвайы арқылы арқан жолмен, жаяу немесе арнайы микроавтобуспен көтерілуге болады. Оның шыңынан қала мен оны қоршап тұрған таулар өте әдемі көрінеді.

Көк-төбе аумағында алма пiшiнiнде жасалған "Арман субұрқағы", балалар қалашығы, хайуанаттар бағы, көркем галерея, шайхана және басқа да көптеген нәрселер бар.

Батыр-панфиловшылар паркі

Ескi қаланы орталығында, қаланың төменгі жағында орналасқан ескі парктердің бірі. Парк 1941 жылы Мәскеу қаласын қорғауға белсене араласып, жауды жою жолында ерлікпен қаза тапқан, генерал-майор Иван Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлеріне арналған.

Парктiң аумағында мәскеулiк Кремльдiң қабырғасын кеудесiмен жауып тұрған панфиловшылардың бейнелері көрсетілген Даңқ Мемориалы қойылған. Мемориалдың бiр бөлiгi - мәңгiлiк алау. Бұдан басқа, паркте кеңес әскерінің үздігі, қайраткер, генерал Панфиловқа, дивизия жауынгерлеріне, соның ішінде жазушы Бауыржан Момышұлына, ауған соғысында қаза тапқан сарбаздарға арнап ескерткіштер қойылған.

Сонымен бiрге, паркте қала қонақтары Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі (сілтеме – 4-б, 7-т– Музейлер) мен Вознесенский соборын тамашалай алады.

Панфиловшылар паркінің орталығында орналасқан Орыс православиелiк шiркеуiнің Вознесенский кафедралы соборы 1907 жылы салынған. Бұл бірегей ғимараттың (сәулетші-құрылысшы А.П. Зенков) биіктігі 56 м-ді құрайды. Собордың темiр крестері бар 6 басы бар (кеңес уақытында әшекейлері түгелдей жойылған, қазір собор шiркеуге қайтарылғаннан бері әшекейлерді қазіргі суретшілер жаңадан салған).

Бұл - әлемдегі ең биік ағаш ғимараттардың бiрi және әлемдегі ең биiк православиелiк ағаш ғибадатхана. Басты күмбездегі крестiң жоғарғы нүктесі 39,64 м-ді құрайды, сол тәрiздi қоңыраудың жоғарғысы – 46 м. Сыйымдылығы - 1,8 мың адам.

Ғимараттың басты ерекшелігі - бiртұтас шегесіз салынған ғимараттың өте қатты жер сілкіністеріне шыдамдылығы. 1911 жылы 10-балдық жер сiлкiнiсi болып, бүкіл қала қираған кезде, собордың тек қана күмбез кресi майысқан. Осылайша, ғимарат қалададағы жер сiлкiнiстерiнің барлығына шыдаған.

Қазақстан тәуелсiздiгiнің монументі

Қазақстан тәуелсiздiгiнің монументі – Алматыдағы Республика Алаңындағы (тұрғындар оны «Жаңа алаң» деп атайды) ескерткiш.Ол 1996 жылдың 16-желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес ашылған.

Кешен шыңында 6-метрлік «Алтын адам» (Алматы қаласының маңайындағы Есік обасынан табылған сақ жауынгерінің бейнесі) мүсіні бар, 28-метрлік стеладан тұрады (сілтеме – 8-б, 4-т – Алматы маңайы). Жауынгердің мүсіні қанатты барыстың арқасында орналасқан.

Стеланың етегінде мүсiндiк топ жасалған, олар: “Дана-Аспан” және “Жер-Ана” аллегориялық фигуралары және құлындардың үстінде отырған екі бала. Стеланың екi жағына жартылай шеңбермен 10 барельеф қойылған, ол ежелгi замандардан бiздiң заманымызға дейінгі Қазақстанның тарихын бейнелейді.

Алматы қонақтары оңтүстік астананың музейлерін тамашалай алады. Олардың ең қызықтысы, жоғарыда аталып өтілген Қазақ халық музыкалық аспаптар музейінен басқа, Қазақстан Республиканың орталық мемлекеттiк музейі және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттiк өнер музейі.

Театр өнерін жақсы көретіндер көптеген алматылық театрларға бара алады.

Солардың ішіндегі ең танымалдары:

  • Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театры,
  • М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық театры,
  • М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры (сілтеме – 4-б, 8-т– Театрлар).

Алматы маңайында көптеген табиғи және тарихи ескерткiштер орналасқан. Ол жерлерге қаланың туристтiк фирмалар қызметтерiн пайдаланып баруға болады. Олардың арасында: Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы курорты, Үлкен Алматы көлi, Түрген шатқалы, Есік обасы және тағы басқалар. (сілтеме – 8-б, 4-т – Алматы маңайы).

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер