Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Омбыда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

8.09.2021

2021 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығында ү.ж. маусым айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты XVIII Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Аталған олимпиаданы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолияда тұратын қазақ диаспорасы балаларының арасында өткізеді.

Іс шара барысында Бас консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек осы олимпиада жүлдегерлері Рамазан Жандаевқа Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломы мен медалін, Гүлмира Мұхаметжановаға "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасын табыстап, олардың ұстаздары Алма Мұхамеджанованы Бас консулдықтың алғыс хатымен марапаттады, сондай-ақ оларға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тіледі.