Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Омбыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы атап өтілді

30.07.2021

2021 жылғы 29 шілдеде Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына байланысты "Ашық аспан астында домбра күні" атты музыкалық байқау-фестивалі өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығының қолдауымен "Омбы қазақтары" аймақтық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Байқауға Омбы облысының домбырашылары мен түрлі фольклорлық-этнографиялық ансамбілдері қатысып, елге танымал болған әндерді және қазақ халқының атақты ақындары мен композиторларының күйлерін орындады.

Музыкалық байқаудың соңында сайысқа қатысушылардың бірқатарына естелік кәдесыйлар беріліп, Бас консулдықтың атынан алғыс хаттар табысталды.