Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Санкт-Петербургте Жамбылдың 175 жылдығы аталып өтті

28.02.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Ресейдің мәдени астанасында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.

Жамбылдың ескерткіші 2003 жылы Санкт-Петербург қаласының  Орталық ауданында Қазақстан Республикасы атынан қаланың 300 жылдығына арналған сыйлық ретінде орнатылып, қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды.

Іс-шараға Бас консулдықтың өкілдерімен қатар ТМД ПАА өкілі, Санкт-Петербург және Ленинград облысы әкімшіліктері, Санкт-Петербург қаласында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, сондай-ақ қаланың тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шақырылған қонақтар іс-шараның екіжақты мәдени ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында басқалармен қатар, Жамбылдың "Ленинградцы, дети мои!" шығармасы да орындалды. Бұл өлең блокададағы Ленинград тұрғындары үшін ерекше өлең болғанын атап өткен жөн.