Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Өмірбаян

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі

ТАСМАҒАМБЕТОВ ИМАНҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ

1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

Кәсіби қызметі

1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін «География және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы(1989 ж.), ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 ж.) қызметтерінде әлеуметтік-саяси өмірде өзінің белсенді позициясын көрсетті.

1993 жылдан бастап – ҚР Президентінің көмекшісі;

1995 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

1997 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Білім және мәдениет министрі;

1997 жылдан бастап – ҚР Президентінің Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;

1988 жылдан бастап – ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі;

1999 жылдан бастап – Атырау облысының әкімі;

2000 жылдың желтоқсан айынан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

2002 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрі;

2003 жылдан бастап – ҚР Мемлекеттік хатшысы;

2004 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі;

2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласының әкімі;

2008 жылдың сәуірінен – 2014 жылдың қазан айына дейін – Астана қаласының әкімі;

2014 жылы 22 қазан - ҚР Қорғаныс министрі;

2016 жыл 13 қыркүйек - ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ғылыми-және қоғамдық жұмыстары

«Дүниетану аспектілерінің экологиялық проблемасы» атты диссертация авторы. Саясаттану ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат».

И.Н. Тасмағамбетовтың қоғамдық қызметі тарихпен, археологиямен және этнографиямен тығыз байланысты. Осы бағыттағы негізгі жобалары Моңғолияға, Батыс Қазақстан және Ресей Федерациясының Астрахань облыстарына жасалған халықаралық мәдениеттану экспедициялары болып табылады.

Қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық, Қаныш Сәтпаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Мұхтар Әуезовтың ғасырлық тойлары адамзаттың күнтізбесіндегі айтулы күндер қатарына енгізіліп, ЮНЕСКО аясында аталып өтті.

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокованың шешіміне сәйкес И.Н.Тасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан байланысының нығаюына, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы мұрасының сақталуына қосқан үлесі үшін Ұйымның «Жібек Жолы» жоғары дәрежелі наградасымен марапатталған.

«Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңаруы: үрдістер мен басымдықтар», «ҚР Конституциясының Түсіндірме сөздігі»,«Орталық Азия зергер - шеберлерінің туындылары», «Пекиннен Астанаға дейін: астаналардың ауысу тарихы», сондай-ақ «Кітап өнері» атты II Халықаралық сайыста «Гран-При» номинациясының иегері атанған «Ұлы дала Кентавры» кітаптарының авторы.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер