Қазақстанда шетелдік БАҚ-н тіркеу

Қазақстан Республикасында шетелдік журналисттерге тұрақты немесе уақытша тіркеуді алу үшін келесі құжаттар қажет болады:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметі басқармасының бастығы Смадияров Айбек Серікбайұлының қол қоюына аккредиттелген уақытқа және топтық құрамға визалық қолдау көрсету (ТМД елдерінің және РФ азаматтарынан басқа) өтініші, аккредиттеу мерзімі көрсетілген, БАҚ-ның ресми бланкіндегі хат

2. Аккредиттелетін азаматтардың паспорт көшірмелері;

3. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлімет

4. Толтырылған аккредитациялық форма;

5. Екі 3*4 өлшеміндегі түрлі түсті суреттер;

6. Журналисттердің уақытша аккредиттелуіне шақырушы тарап Қазақстан Республикасынан шақыру (бар болған жағдайда) келеді

«Қазақстан Республикасының СІМ-нің Баспасөз қызметіне аккредиттеу үшін» деген белгімен ескертілген құжаттарды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңсесіне тапсырылады (тел. 627-18-09). Жұмыс уақыты: демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Мекенжай: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3а үй.

Сондай-ақ, жиналған құжаттарды электронды түрде "Аккредитация" белгісімен accreditation@mfa.kz электронды поштасына жолдау қажет болады.

ҚР СІМ Баспасөз қызметінің телефондары: +7 (7172) 72-06-33, 72-05-65, 72-00-11, 72-02-36.

Шетелдік БАҚ журналисттерін тұрақты аккредиттеу шетелдік БАҚ өкілдіктерін аккредитеуді негізге ала отырып 2 жылға, ал шетелдік БАҚ журналисттерін уақытша аккредиттеу 3 айға дейін жүргізіледі.

Шетелдік журналисттерге Қазақстан СІМ-нің аккредиттік карточкасын ала отырып, визалық қолдауға қол жеткізген соң ғана виза беріледі. Виза алу үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне визалық қолдаудың нөмірі көрсетілген және ҚР СІМ-нің аккредитациялық карточкасының көшірмесі қосымшада тіркелген, мекеменің фирмалық бланкінде жазылған арызды (сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндерді қоспағанда, күнделікті 09.30-ден 12.30-ге дейін)  қабылдайтын уақытта тапсыру қажет.

Бұл карточканы Қазақстанда алған жағдайда осы оқиға туралы арызда көрсетуіңізді сұраймыз. Ресей визасының көшірмесі, арызданушы туралы негізгі мәліметі бар паспорттың бірінші бетінің көшірмесі, паспорттың түпнұсқасы, сондай-ақ түрлі-түсті немесе ақшыл-қара фотосурет (көлемі 3,5 х4,5 см.) жабыстырылған толық жазылған бір визалық сауалнаманы қосымша тіркеу керек болады. Визаның рәсімделуі 5 жұмыс күні ішінде.

Визаны рәсімдеуде құжаттарды нотариалды өкілеттілік берілген сенімді тұлға арқылы немесе арызданушыны іссапарға жібергенін растайтын мекеменің фирмалық бланкісіне сенімхат арқылы тапсыруға және алуға болады.

Назар аударамыз, Консулдық бөлім виза сұратып жатқан азаматтармен сұхбаттасуға немесе қосымша құжаттарды жеткізуді талап етуге толық құқығы бар.