Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жалпы ақпарат

Бүкілресейлік санақ мәліметтеріне сәйкес (2010 ж.) Ресейдегі қазақтар саны (21облыс және аймағы бойынша) 647 732 адамды құрайды (жалпы халық санының 0,65 пайызы). Басқа ақпараттар бойынша, қазақтар саны 800 мыңнан 1,5 млн. адамға дейін жетеді. Мәскеу және Мәскеу маңында 13 мыңға жуық адам тіркелген. Қазақтар шоғырланған аймақтарға ҚР шекарлас: Астрахан (149 мың), Орынбор (78 мың), Саратов (76 мың), Волгоград (76 мың), Челябинск (35 мың), Тюмень (19 мың) кіреді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы тарапынан шетелдегі отандастарымыздың топтарына (оның ішінде Ресей аумағында орналасқан), тиісті мәдени-гуманитарлық және практикалық қолдау көрсетіледі. ҚР мен РФ арасындағы шекарааралық мәдени байланыстар белсенді дамуда. Ресейдегі отандастарымыз өздерінің өзекті мәселелерін талқылау үшін үлкен және кіші құрылтайлар өткізеді. Өз кезегінде аталмыш жиындар жақсы дискуссиялық алаңға айналып, тиімді қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін береді.

Ресейдің аймақтары мен қалаларында 50 шамасында қазақ мәдени-ұлттық және қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олармен жүргізілетін жұмыстар барысында ана тілді, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтап қалу мәселелері қамтылады.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі, Бас Консулдықтары мен Консулдықтары тарапынан отандастардың қоғамдық ұйымдарымен конструктивті қарым-қатынас ретке келтірілген және мәдени-гуманитарлық салада бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Дипломатиялық өкілдіктер мен отандастардың өзара әрекеттесуін нығайту мақсатында жыл сайынғы кездесулер өткізіледі. Бірлесіп ұйымдастырылатын жобаларды талқылау және пайда болған сұрақтарды шешу үшін 1 айына бір рет Интернет-конференциялар өткізіледі.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер