Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Ресейдегі Қазақтар: тарихи очерктер

Посткеңестік кеңістіктегі ықпалдасу процесіндегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының даму қарқыны, мәселелері мен жетістіктері екі мемлекет пен ұлттың өзара қатынасының тарихи тәжірибесіне көз салуға жетелейді және заманауи этникааралық әрі мәдениаралық диалогты сараптауды талап етеді.

Осы орайда Ресейдегі қазақтардың тарихы зор ғылыми әрі тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Қазақстан –тарихы мен мәдениеті тереңде жатқан ел. Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан көне өркениеттер қиылысында, Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы көлік күре жолдарының, әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық байланыстардың торабында, еуразиялық құрлықтың ірі мемлекеттік құрылымдары арасында алып мекенді алып жатыр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты сауда және дипломатиялық байланыстар ХVI ғасырда орын алды. Қазан және Астрахан хандықтары Ресейдің құрамына кірген соң Ресей мемлекетінің шекаралары қазақ көшпенділеріне мейлінше жақындады. ХVI ғасырдың екінші жартысында қазақ хандарының Мәскеумен Сібірдің «патшасы» Күшім ханға қарсы күресте одақтасу факті атап өтіледі. Сібір Ресей мемлекетінің бөлігі болған соң Қазақстан-Ресей шекарасы Ресейдің басқа елдермен ең ұзын шекарасына айналады.

XVII–XVIII ғғ. жоңғар көшпенді тайпалары Қазақ хандығына қарсы кең ауқымды соғыс жариялайды. Өз тәуелсіздігін сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ хандары сол тұста шекарасын шығысқа ұластырған Ресей империясынан әскери қорған іздеуге мәжбүр болады.

ХVIII ғасырда Қазақстан-Ресей шекарасы маңында белсенді сауда қатынастары дами бастайды. Орынбор өңірін зерттеген зерттеуші П.Рычков Кіші Орда Ресеймен сыртқы саудадасын Орынбор және Троицк бекіністері арқылы сәтті жүргізіп отыр деп атап өткен. 1822-1824 жж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылар Қазақстандағы хандықтың жойылуына алып келеді. Нәтижесінде көптеген сұлтандар ресейлік қызметке тұра бастады.

Поволжье, Орал және Батыс Сібірге қазақтардың аймақтық жақындығы қазақтар мен Ресейді мекендеген халықтар арасында тығыз байланыстардың орнауына әсерін тигізді. Орыс шаруалары және Урал жұмысшылары, татарлар және башқұрттармен бірге қазақтар Емельян Пугачевтің басшылығымен болған Шаруалар соғысына қатысады.

XVIII ғасырдан бастап солтүстік және шығыс Қазақстанға орыс казактары мен шаруалары көшіп келе бастайды. Әсіресе жер аударғандардың саны столыпиндік реформа жылдары тіптен көбейеді. Қазақстанды жалпыресейлік экономикалық байланыстарға қосу оның аумағындағы өнеркәсіптің дамуына, ұлттық буржуазияның пайда болуына алып келеді. Сол уақытта кедейленген, жерлері мен малдарынан айрылған қазақтардың саны артады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтар Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады. Қазақтардың басым бөлігі Орынбор гимназиясы мен омбылық өзге оқу орындарында оқыды. Омбы училищесінде ақмолалық және семейлік қазақстарға стипендиялық квоталар да қарастырылады.

Бірқатар қазақ жастары Санкт-Петербург университетінде білім алады. Петербордағы қазақ студенттерінің күшімен «Жерлестер» ұйымы құрылып, онда қазақ ұлтының мәселелері талқыланады. Қазақ студенттері мәдени-ағартушылық шараларына да белсене қатысады. 1898 жылы Петерборда қазақ зиялыларының кездесуі өтті.

Көптеген қазақтар Қазан университетінде білім игерді. Ресейдегі оқу орындарын тәмамдаған қазақ жастарының көбі қазақ қоғамының зиялы қауымы мен саяси элитасын қалыптастырды.

Ертеден қазақтардың ауқымды бөлігі Ресейдің түрлі аймақтарына шоғырландырылып, сонда шағын топ ретінде қоныс тепті. XIX ғ 30 жылдарынан бастап қазақ топтары Алтай тауларына қоныстандырыла бастады. 1917 жылға қарай Алтай тауларының оңтүстігінде 2000ға жуық қазақтар өмір сүрді. Бірлігі бекем, өзара көмекке дайын, жеті атасын құрметтеген терең тамырлық байланыс негізгі этникалық шоғырдың сақталуына, жаңа мекенді еркін жайлауға негіз болды.

2010 жылғы Бүкілресейлік санақ мәліметтеріне сәйкес, Ресейдегі қазақтар саны (21 облыс және аймағы бойынша) 647 732 адамды құрайды (жалпы халық санының 0,65 пайызы). Басқа ақпараттар бойынша, қазақтар саны 800 мыңнан 1,5 млн. адамға дейін жетеді. Мәскеу және мәскеулік аймақта 13 мың адам шамасында тіркелген. Қазақтар шоғырланған аймақтарына ҚР шекарлас: Астрахан (149 мың), Орынбор (78 мың), Саратов (76 мың), Волгоград (76 мың), Челябі (35 мың), Тюмень (19 мың) кіреді. Саны бойынша қазақтар татар, башқұрт және чуваштардан кейінгі Ресейдегі төртінші түрік этносы, ал барлық этностар арасында оныншы болып табылады. Бірқатар аймақтарда қазақ тілі жеке пән ретінде оқытылатын ондаған мектеп бар. Шетелдегі отандастарымыздың мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жариялады.

Ресейдегі белгілі қазақтар

  • Жәңгір-Керей-хан — Бөкей ордасының ханы, орыс армиясының генерал-майоры.
  • Губайдулла Джангиров — Ресей патшалығының Пошта және байланыс министрі. Ресей байланыс әскерінің негізін қалаушы.
  • Аман Төлеев — ресейлік саяси және мемлекеттік қайраткер, Кемерово облысының губернаторы.
  • Николай Майданов — полковник, бір мезгілде Кеңес Одағының Батыры және Ресей Федерациясының Батыры атағын алған төрт адамның бірі және екі атақ та ұрыс алаңдарындағы ерлігі үшін берілген жалғыз адам.
  • Серік Сұлтанғабиев — офицер, Ресей ІІМ ішкі әскерлерінің полковнигі. Ресей Федерациясының Батыры.
  • Тимур Бекмамбетов — кинорежиссёр, продюсер.
  • Наталья Орынбасарова — актриса.
  • Эльдор Уразбаев — Кеңес Одағының және Ресейдің кинорежиссёрі, сценарист және продюсер.
  • Алтынай Асылмұратова — Мариинский театрының балеринасы, Ресей Федерациясының халық әртісі.
  • Азамат Мұсағалиев — комедия актері («Интерны», «Однажды в России»), «Сборная Камызякского края» КВН командасының капитаны.
  • Бари Алибасов — музыкант, музыкалық продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі.
  • Ерік Құрманғалиев — опера әншісі және актёр, КСРО бірінші контртеноры.
  • Байғали Серкебаев — музыкант, продюсер, сазгер. «A’Studio» тобының негізін қалаушы және мүшесі.
  • Тотан Кузембаев — 80-90 жж. ресейлік архитектор, Мәскеу облысының Зеленоград қаласын жоспарлаған.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер