Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

ЖОО туралы ақпарат

Ресейде оқитын қазақстандық жастардың студенттік өмірі жайлы

Қазіргі уақытта Ресейдегі түрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан студенттерінің саны 70 мыңды құрайды (РФ Білім және ғылым Министрлігінің мәліметі бойынша).

Оның ішінде жалпы негізде – 50 мың, әр түрлі келісім шарттар негізінде – 20 мың студент білім алуда.

Қазақстан мен Ресей арасындағы Үкіметаралық келісімдер аясында 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарына арнайы ресейлік оқу гранттары бөлініп келеді. Жыл сайын Ресей Федерациясы Үкіметі қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттер келісімдері негізінде оқу квоталарын көбейтетінін мәлімдейді.

Анықтама: 2014 жылы - 150 квота, 2015 жылы - 240 квота, 2016 жылы - 300 квота бөлінді.

Кейбір ҚР аумақтары РФ екі жақты келісім негізінде қажетті мамандықтарды игеру үшін ресейлік, оның ішінде мәскеулік оқу орындарында оқытып жатыр. Мысалы, 2016 жылы Қызылорда облысының басшылығы 178 студентті мәскеулік «МИСиС» университетіне оқуға жіберді. Білім алуды аяқтаған мамандарды облыс әкімдігі өлкелік ұжымдарға орналастыруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні осы сияқты тәжірибелер қажетті және өзекті болып отыр. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері негізінде осындай бағдарламалар енгізу және оны жетілдіру, жастарды ынталандырудың бір жолы болып отыр.

Оқу бағытын таңдауда негізінен экономика, денсаулық сақтау және мәдениет, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар басым және Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы оқу орындарға түсуге ерекше  көңіл бөлінеді.

ҚР азаматтары таңдайтын РФ ЖОО тізіміне мына оқу орындары  жатады: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (МГУ), «Экономика Жоғарғы мектебі» (НИУ ВШЭ)Ұлттық зерттеу университеті, Плеханов атындағы университет, Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университет, Ресей халықтар достығы университеті (РУДН),  Губкин атындағы Ұлттық ядролық зерттеу институты (МИФИ), Санкт-Петербор Мемлекеттік университеті (СПбГУ), Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО) и Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметтер академиясы (РАНХиГС).

Қазіргі уақытта Мәскеу қаласында 10 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Мәскеуде осы үлкен шоғырдың бар екенін ескере отырып, Елшілік өз кезегінде студенттердің әр түрлі мәселелері бойынша, соның ішінде Ресей астанасының өміріне үйренуге бағытталған көптеген шаралар өткізеді.

Студенттік ұйымдардың басшыларымен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұрады. Сондай кездесулер кезінде Елшілік қызметкерлері Қазақстанның қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Болу елінің астанасында тұру ерекшеліктері мен құқық бұзушылықтан бас тарту мәселелері төңірегінде дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп тұрады. Атап айтқанда барлық кездесулерде қазақстандық студенттерге болу тәртібіне байланысты тиісті талаптарды сақтау туралы мәліметтер жеткізіліп отырады.

Студенттер сондай-ақ ҚР шет елдегі елшіліктердің жұмысымен және міндеттерімен танысады. Студенттерге оқу уақытында консулдық есепке тұруға байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, құқықтық көмек және бірінші курс студенттерін қолдау төңірегіндегі сұрақтар талқыланады.

Қазақстандық студенттердің әлеуметтік-психологиялық қырынан (оқудан тыс мінез-құлықтары, тұрмыстық жағдай) бейімделуіне арнайы назар аударылады. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу барысында Елшілік тарапынан әр түрлі қоғамдық шаралар өткізуге ерекше назар аударылады.

Оқу орындарының ақпараты бойынша, қазақстандық студенттердің оқу барысындағы жалпы оқу үлгерімі жақсы деп бағаланып отыр.

ҚР-сының РФ Елшілігінің ресми сайтындағы Консулдық бөлімде қазақстандық студенттерге арналған арнайы айдар қарастырылған. Бұл жерде онлайн режимде уақытша консулдық есепке тұруға, Қазақстан туралы маңызды мәліметтерді алуға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер