Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні

Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күні

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 837 жарлығымен кәсіптік және өзге де мерекелер тізімі 2 шілде - Дипломатиялық қызмет күнімен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын дипломатиялық қызмет органдарындағы ҚР азаматтарының кәсiби қызметi.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңнан, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады. Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгінiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды.

Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады. Алайда мемлекеттің барлық сыртқы саяси қатынастар саласы дипломатиялық қызмет деп СІМ-ге бағынатын органдар, мекемелер және ұйымдардың едәуір кең спектрін қамтиды. Ол үшін шетелдегі елшіліктерді, консулдықтарды, халықаралық ұйымдардағы СІМ өкілдерін және т.б. еске алсақ жеткілікті. Дипломатиялық қызметке мемлекетіміздің Сыртқы істер министрлігінің қарауында орналасқан және дипломатиялық жұмыс үшін кадрларды даярлайтын оқу мекемелері де жатады.

Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысы негізін Республикамыздың Конституциясы, дипломатиялық қызмет органдарының қалыптастыру тәртібін, олардың функцияларын, міндеттері мен қызмет қағидаттарын анықтайтын мемлекетіміздің заңнамалық актілері құрайтын мекем құқықтық базада тұр.

Қазақстан Республикасын қоса отырып, кез келген мемлекеттің дипломатиялық қызметінің негізгі жұмыс бағыттары мен міндеттері айтарлықтай көп. Мыналар оның кейбіреулері ғана: сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын және стратегиясын пысықтау, мемлекеттің халықаралық сахнадағы абыройын нығайтуда қолғабыс көрсету, халықаралық ұйымдарға белсенді қатысу, жер шарының барлық түкпірлерінде мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік жасау және қорғау, шетелде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыру, халықаралық және мемлекетаралық келіссөздерді жүргізу, заманауи әлемнің халықаралық жаһандық проблемаларын шешуге ат салысу, мемлекеттің басқа елдермен дипломатиялық және мәдени байланыстарын кеңеюіне қолайлы жағдай жасау және т.б.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің штатын жасақтауда негізгі талаптарға жоғары бейінді білімнің болуы, мемлекеттік және орыс тілдерін білуі, қажетті тұлғалық, моральдік және КӘСІБИ қасиеттердің болуы, құқықбұзушылықтардың болмауы жатады.

Ал мерекенің өзін мекемелер мен департаменттер емес, өз жұмысын кәсіби атқарып жатқан Қазақстанның дипломатиялық қызметіндегі адамдар атап өтеді.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер