Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Ресейдегі қазақстандық БАҚ-ның тілшілер қосыны

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы аумағында қазақстандық БАҚ-ның корреспондеттік орындары жұмыс жасайды.

«Қазақстан» телеарнасы

Мемлекеттік телеарна. 1958 жылы 8 наурыздан таратыла бастады.. «Қазақстан» РТРА АҚ құрамына кіреді. Тәулік бойы қазақ тілінде хабар таратады. Таратылым қазақ тіліндегі ақпараттық, танымдық бағдарламалардан, фильмдерден, ссериалдардан тұрады.

Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық филиалдары бар.

Аймақтарда телеарна таратылым жасалып отырған қалаға сәйкес аталады.

(«Қазақстан-Тараз», «Қазақстан-Семей» және т.с.с.)

Сондай-ақ, «Балапан», «Kazsport» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы», Астана радиосы және Classic радиосы «Қазақстан» РМТРА құрамына жатады.

Ресми сайты: http://kaztrk.kz/.

Ресейдегі меншікті тілшісі – Көшеров Нұртас Солтанұлы.

«Хабар» телеарнасы

Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасы негізінде 1995 жылы құрылған.

Бүгінгі таңда «Хабар» – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», ұлттық спутниктік телеарна «Kazakh TV», тәуліктік ақпараттық телеарна «Хабар 24» және кино арна «ЕЛ АРНА» төрт арналы «тележанұя».

Тәулігіне орташа есеппен: «Хабар» – 20 сағат, «KazakhTV» – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат спутниктік таратылым және 18 сағат аналогтік таратылым жасайды.

Эфирде ең талғампаз көрермендерді қанағаттандыру мақсатында жаңалықтар, сериалдар, көркем, деректі фильмдер, бағдарламалар көрсетіледі.

55 %-дан кем емес бағдарламалар мемлекеттік тілде таратылады.

Телеарнаны Қазақстанның кез-келген жерінен көруге болады, көрермендерді қамту аумағы – 99 %.

Арна алыс-жақын шетелді қамтитын дамыған корреспонденттік торға ие.

Телеарнаның өкілдіктері АҚШ, Ресей, Бельгия, Италия, Оңтүстік Корее, Қытайда және Германияда ашылған.

Ресми сайты: http://khabar.kz/

Ресейдегі меншікті тілшісі – Нұржанова Дана Сайлауқызы.

«Казинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі

95 жыл бойына саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт мәдениет және қоғамның басқа да тіршілігі туралы ақпарат көзінің шұғыл әрі сенімді беделін сақтап келе жатқан Қазақстандағы алғаш халықаралық деңгейге жеткен жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттік.

Агенттік жаңалықтары қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде таратылады.

Сондай-ақ, шетелде түратын отандастарымыз үшін қазақ тіліндегі жаңалықтарға латын өрнегі мен араб өрме жазуы қолданылады.

Қазинформ дамыған корреспонденттік желіге ие: елдің барлық аймақтарындағы 15 корреспонденттік орындар және Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекістан, Қырғызстандағы шетелдік өкілдіктер.

Бүгінгі таңда қазақстандық хабар тарататын интернет ресурстар рейтингісі бойынша 10 үздіктің қатарында. Порталды әлемнің 229 елінен күніне орташа есеппен 45 000 көрермен қарайды.

Арналар мен агенттік парақшасына жазылғандардың жиынтық саны 80000-нан асады.

Ресми сайты: http://www.inform.kz/

Ресейдегі меншікті тілшісі – Ахметов Медет Маулиевич.

«Экспресс К» газеті

Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет.

1920 жылдан бастап шыға бастады. 1991 жылдың тамыз айына дейін «Лениндік ауысым» деген атпен жарық көрген.

Оқырмандар шеңбері – халықтың белсенді, іскер бөлігі.

Тиражы: 25000 дана.

Марапаттар мен жетістіктер: «Құрмет белгісі» орденімен, 2001 жылы «Алтын жұлдыз» сайысында «Орыс тіліндегі республикалық газет» номинациясы бойынша үздік газет, ал «Жыл таңдауы» сайысында 2003, 2004, 2008 жылдары №1 қоғамдық-саяси күнделікті газет болып танылды.

Ресми сайт: http://express-k.kz/

Ресейдегі меншікті тілшісі – Храбрых Ольга Сергеевна.

«BNews.kz» ақпараттық агенттігі

Мемлекеттік (латын жазуымен), орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат тарататын мамандандырылған ақпараттық-ресурс болып табылады.

Күн сайын 100 ге жуық жағалықтар мен таңдамалық хабарлар жариялайды.

Жеке кәсіби студиясында түсірілетін оnline-жиналыстар, оnline-көрсетілімдерді, статикалық және интерактивті бейнелерді, жеке фото-видео материалдарды тұрақты түрде шығара отырып, мультимедиалық форматта жұмыс істейді.

2014 жылы ХІІ Ұлттық Интернет-Премиясында «Масс-медиа» номинациясы бойынша BNews.kz сайты І орынға иә болды.

Меншігі: «Казконтент» АҚ.

Ресми сайты: http://bnews.kz

Ресейдегі меншікті тілшісі – Шайкенова Малика Сақтағанқызы.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер