Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Қазақстанға виза алу

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 Қаулысына сәйкес егер төменде аталған мемлекеттер азаматтарының (дипломатиялық, қызметтік және ұлттық төлқұжаттар иелерінің) Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспаса, Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді:

1. Аустралия Одағы

2. Аустрия Республикасы

3. Люксембург Ұлы Герцогтігі

4. Мажарстан

5. Израиль Мемлекеті

6. Грек Республикасы

7. Италия Республикасы

8. Канада

9. Монако Князьдігі

10. Бельгия Корольдігі

11. Дания Корольдігі

12. Испания Корольдігі

13. Нидерланд Корольдігі

14. Норвегия Корольдігі

15. Швеция Корольдігі

16. Латвия Республикасы

17. Литва Республикасы

 

18. Малайзия

19. Мальта Республикасы

20. Мексика Құрама Штаттары

21. Жаңа Зеландия

22. Біріккен Араб Әмірліктері

23. Португалия Республикасы

24. Болгария Республикасы

25. Ирландия Республикасы

26. Исландия Республикасы

27. Кипр Республикасы

28. Корея Республикасы

29. Польша Республикасы

30. Сингапур Республикасы

31. Словения Республикасы

32. Хорватия Республикасы

33. Чили Республикасы

34. Румыния

 

35. Словак Республикасы

36. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

37. Америка Құрама Штаттары

38. Түркия Республикасы

39. Германия Федеративтік Республикасы

40. Финляндия Республикасы

41. Француз Республикасы

42. Чех Республикасы

43. Швейцария Конфедерациясы

44. Эстония

45. Жапония

 

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын отыз күнтізбелік күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

Қазақстанның Ресейдегі консулдық мекемелері (осы жерді басыңыз).

Қазақстан Республикасы азаматтарының өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім орнатылған мемлекеттер тізімі (осы жерді басыңыз).

Қазақстан Республикасының визалар беру тәртібі (осы жерді басыңыз).

Визалардың келесі санаттарын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:

1. Жеке (Word құжатын жүктеу);

2. Іскерлік (Word құжатын жүктеу);

3. Дипломатиялық, қызметтік (Word құжатын жүктеу);

4. Жұмысқа арналған (Word құжатын жүктеу);

5. Транзиттік (Word құжатын жүктеу);

6. Туристік (Word құжатын жүктеу);

7. Оқуға арналған (Word құжатын жүктеу).

Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі:

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 494 Қаулысы 2005 жылы 23 мамырда қабылданды. Осы қаулыға сәйкес Ресей Федерациясының азаматтары ішкі, дипломатиялық, қызметтік және шетелге шығу төлқұжатымен, Ресей Федерациясының 14 жасқа дейінгі азаматтары туу туралы куәлігімен Қазақстан Республикасына кіре алады.

Астанада 2012 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. Келісім бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылған және екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтарын қабылдайтын мемлекеттің құзыретті органдарында кірген күннен бастап 30 күн ішінде болатын жері бойынша есепке қою міндетінен босатуды қарастырады.

Сауалнама нысаны және оңайлатылған тәртіпте визаны алу үшін өтінішті жүктеу

Барлық санаттағы визаларды рәсімдеу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс істеу тәртібі:

Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма. Құжаттарды қабылдау уақыты 09.30 сағаттан бастап 12.30 сағатқа дейін.

Қабылдамайтын күндер: сәрсенбі, сенбі, жексенбі және ҚР мемлекеттік мерекелері күні.

Қазақстан Республикасының ұлттық жәңе мемлекеттік ресми мерекелері

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР-ның заңдарына сәйкес мереке күндері болып саналады. ҚР-да мереке күндері жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күндері мереке күндеріне сай келгенде, мереке күннен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады.

Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік ресми мерекелері:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

7 қаңтар – «Рождество Христово» мерекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр – Отан Қорғаушылар Күні

9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

1 желтоқсан  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні

16-17 желтоксан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шетел азаматтары (РФ азаматтарынан басқа) Қазақстанға келгеннен кейін 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Халықаралық өзара түсіністік қағидаты (екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды рәсімдеу барысында тең жағдайлар ұсыну) негізінде Жапония азаматтары консулдық алымдардан босатылған, АҚШ азаматтары үшін консулдық алымдардың бөлек тарифтері орнатылған (алымдар мөлшерін визаға құжаттарды беру барысында нақтылаған жөн).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Салық кодексінің 514 бабына сәйкес консулдық алымдар кері қайтарылмайды (өтелмейді). Консулдық алымдардың төлемі құжаттарды бергеннен кейін банкте жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер