Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен Қазақстан Республикасының азаматымын. РФ-да 4 жыл көлемінде өмір сүріп келемін. Ықтияр хат алғаныма 1 жылдың жүзі болды. Азаматтық алуға құжат тапсыруым үшін ҚР-нан үзінді көшірме қажет. Үзінді көшірмені елшілік арқылы жасау мүмкін бе? Тұрақты тұруға байланысты үзінді көшірме қанша уақыт алады?

Жауап:
Ресейде уақытша тұрақтау рұқсаты немесе Ықтияр хат болған жағдайда шетелге тұрақты тұруға кету рұқсатын тиісті консулдық мекеме арқылы рәсімдеуге болады. Қажетті құжаттар тізімі «РФ-дағы ҚР азаматтарына ақпарат» бөлімінде орналасқан. Ресейге тұрақты тұруға кету өтінішхатын қарастыру мерзімі 2-4 айды құрайды.


Сұрақ:
РФ азаматтығын алдым және Федералды көші-қон қызметі басқармасында менен Қазақстан төлқұжатын алып қалды. Мәскеу елшілігімен келісімдері бар екенін және оны өздері сол жаққа жолдайтынын айтты. Шынымен де солай ма? Қиындықтар туғанын қаламаймын.

Жауап:
Шынымен де, Ресей ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі басқармалардың кейбірі Ресей азаматтығын алған азаматтардың қазақстандық төлқұжаттарын алып, консулдық мекемелерге жолдайды. Өз кезегінде, консулдық мекемелер Қазақстан азаматтығынан айырылуды тіркеп, төлқұжаттарды ҚР ІІМ-не жолдайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық төлқұжаттары пошта арқылы тек қана РФ ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі органдарынан қабылданады. Жеке тұлғалар Қазақстан азаматтығынан айырылуды рәсімдеу үшін өздері немесе нотариалды сенімхатпен өз өкілі арқылы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерге өтініш білдірулері қажет.


Сұрақ:
Егер мен ҚР азаматтығынан нотариалды түрде бас тартуды рәсімдеген болсам, (Ықтияр хат алу үшін орыс тілінде сөйлеушілер бағдарламасына) оны пошта арқылы жолдай аламын ба әлде оны консулдыққа жеке өзім тапсыруым керек пе?

Жауап:
Нотариалды расталған «ҚР азаматтығынан бас тарту»-дың заңды күші жоқ, себебі Қазақстан заңнамасында «азаматтықтан шығу» мен «азаматтықтан айырылу» («Азаматтық» бөлімін қараңыз) тәртібі бекітілген.


Сұрақ:
Жаңа қазақстандық төлқұжат алу үшін құжаттарды өткіздім. Енді төлқұжаттың дайын болғанын қайдан білуіме болады? Немесе елшіліктен қоңырау шалады ма?

Жауап:
Сіз құжатыңыздың ҚР ІІМ-нен келгені жайлы өтініште көрсеткен телефон нөмірі арқылы Консулдық бөлімнің қызметкерлерімен хабардар етілесіз.


Сұрақ:
Мен 6 жыл бойы РФ-да тұрып келемін. Менде Ресейде тұруға Ықтияр хат бар, мен отандастардың қоныс аударуы бойынша бағдарламаның қатысушысы деген куәлік алдым. Енді РФ азаматтығына өтініш жазу мәселесі тұр. Ол үшін мен Қазақстан азаматтығынан бас тартуым керек. Бас тартуды рәсімдеу үшін міндетті түрде өзім келуім керек пе әлде Ресейдегі Қазақстан консулдығы арқылы болады ма? Екінші сұрақ: Егер мен Ықтияр хат алған болсам және Ресей аумағында тұрақты тіркелген болсам, Қазақстаннан шығуым керек пе?

Жауап:
Бірінші кезекте Сіз РФ-на тұрақты тұруға рұқсат алуыңыз қажет («РФ-на кететін ҚР азаматтарына ақпарат» бөлімін қараңыз). Көрсетілген рұқсатты алған соң, ҚР азаматтығынан шығуға құжаттарды тапсыру керек («Азаматтық» бөлімін қараңыз).


Сұрақ:
Құжаттарды 30 күндік мерзімнен кейін өткізуге болады ма? Егер шет елдің азаматтығын алғаны жайлы өтініш ҚР ІІМ-не жіберілген болса, ол үшін жаза болады ма?

Жауап:
РФ-на тұрақты тұруға рұқсат болған жағдайда, консулдық мекемелерде ҚР азаматтығынан айырылуын тіркеу мерзімін бұзғаны үшін айыппұл салынбайды.


Сұрақ:
Ресейде туып, тіркеуге қойылған балам бар, туу туралы куәлігі де Ресейлік, ал біз жұбайым екеуміз Қазақстан азаматымыз, Ресей Федерациясының азаматтығын енді рәсімдеп жатырмыз, мен уақытша тұрақтау тіркеуін алып қойдым енді мен және менің балам азаматтыққа тапсыруымыз үшін балама Қазақстан азаматы деген төлқұжат немесе Қазақстан азаматы емес деген анықтама қажет, балаға төлқұжат немесе анықтама беру жөнінде елшілік маған көмектесе алады ма.

Жауап:
Қазақстан Республикасының азаматтығы жайлы Заңға сәйкес, егер ата-ананың екеуі де Қазақстан азаматы болған жағдайда, бала қайда туылғанына қарамастан ол да Қазақстан азаматы болып саналады. Ресей азаматтығын рәсімдеу үшін ата-ананың бірінің төлқұжатына бала жайлы мағлұмат енгізсе жеткілікті. Бұл оның Қазақстан азаматтығы қатарына жататындығын растайды. Тиісті консулдық мекемеге хабарласыңыздар.


Сұрақ:
Мен Қазақстан Республикасы азаматымын, 1,5 жылдан аса уақыт еңбек шарты негізінде Ресейде тұрамын. Қазіргі таңда РФ Новосибирск қаласында ЖШҚ Компанияны рәсімдеп жатырмын, рәсімдеу үшін маған ҚР шетелдік төлқұжат қажет, менде ол жоқ, болған да емес, тек жеке куәлік қана бар. ҚР шетелдік төлқұжатын РФ-да ала аламын ба және ол үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап:
Жаңа төлқұжат рәсімдеу тәртібі жайлы ақпарат «Құжаттау» бөлімінде орналасқан. Новосибирск облысы Омбы қаласындағы ҚР Консулдығының консулдық округына кіреді. Аталған мекемеге хабарласыңыз.


Сұрақ:
Жазда Қырымға демалысқа бармақпыз, мерзім – 30 күнге дейін. Ұшақпен ұшқалы жатырмыз. Сұрақ: баланың тек туу туралы куәлігі ғана бар (орыс тілінде), төлқұжаты жоқ. Соған байланысты ешқандай қиындық тумайды ма? Бала ата-анасының төлқұжатына жазылмаған.

Жауап:
Сізге ата-ананың бірінің төлқұжатына бала жайлы мағлұматты енгізу керек.


Сұрақ:
Айтып жібересіздер ме, өтініш, жағдай мынадай. Мамам және ағаммен бірге Түмен қаласына кеттік, РФ азаматтығы бұрыннан бар, Қазақстанда Ықтияр хатпен тұрдық. Қазақстаннан есептен шықпай кетіп қалдық. Енді Ресейде тұрақты тұруға тіркелгіміз және өзіміздің зейнетақы қорланымдарымызды шешкіміз келеді. Қазақстаннан есептен шығу үшін міндетті түрде тіркеу орны бойынша жүру керек пе?

Ответ:
Қазақстан Республикасында шетел азаматы ретінде ықтияр хаты бар, шетелге тұрақты тұруға шығып бара жатқан шетел азаматтары Қазақстан Республикасындағы ықтияр хаттарын мемлекеттік уәкілетті органға тапсырады. Қосымша сұрақтар бойынша ықтияр хатын алған ҚР көші-он полиция органдарына хабарласуыңызды ұсынамыз.


Сұрақ:
Мен 23.02.1981-04.05.1987 аралығы Жезқазған қаласында түрлі қызметтік лауазымдарда жұмыс істедім. Приднестровье мемлекетінде жас бойынша зейнетақы рәсімдеумен байланысты анықтаманы алу үшін қайда хабарласуым керектігін айтып жібере аласыздар ма?

Жауап:
Қосымша ақпарат алу және қызықтырған сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты консультация ұсыну мақсатында +7(495)6271836, 6271706 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.


Сұрақ:
Айтып жібересіздер ме, менің қызым Санкт-Петербургте оқиды, ол РФ азаматы (ішкі төлқұжаты мен РФ шетелдік төлқұжаты бар). Сонымен қатар, ҚР ықтияр хаты бар. Ол Санкт-Петербург консулдығында ықтияр хатқа тапсыра алады ма, себебі жанұямыз түгелдей РФ-на тұрақты тұруға шыққалы жатыр және ол тұрған пәтерді біз сатып жібердік?

Жауап:
ҚР консулдық мекемелерінің құзыретіне Қазақстан Республикасының ықтияр хатын беру/жою кірмейді. Сіздің қызыңыздың өзі немесе нотариалды сенімхаты бар өкілі арқылы ҚР-ның ықтияр хатына өзіне аталған құжат берілген жер - ҚР ІІМ көші-қон полициясы басқармасында тапсыруы керек.


Сұрақ:
Мен Қазақстан азаматымын, Алматы қаласында тұрамын және РФ-на тұрақты тұруға қоныс аударып сол жақта РФ азаматтығына құжат тапсырғалы жатырмын. Кетпей тұрып бір нәрсе рәсімдеу керек пе (құжат, анықтама және т.б.) әлде бәрі РФ аумағында жасалады ма? Рахмет!

Жауап:
Ресейге тұрақты тұруға кетпестен бұрын Сіз Қазақстандағы тіркеу орныңыз бойынша ҚР ІІМ көші-қон қызметіне хабарласып, тұрақты тұруға рұқсатты рәсімдеуіңіз қажет, сонымен бірге кеткендер парақшасы мен ҚР ішкі істер органдарынан хабарландыру қағаз алуы керек. РФ-на келген уақытта Сіз ҚР шетелдегі мекемесінде консулдық есепке тұрып, ҚР азаматтығынан шығу өтінішхатын тапсыруыңыз қажет.


Сұрақ:
Біз жұбайым екеуміз жақында Ресей азаматтығын аламыз. Менде Ресейде тұрақты тұруға ҚР ІІМ көші-қон қызметі органдарының рұқсаты бар (жазбаша хабарландыру мен кеткендер парақшасы қолымда), бірақ жұбайымда мұндай рұқсат жоқ. Қай уақыт аралығында және қашан Қазақстандық төлқұжаттарды өткізіп мен ҚР азаматтығынан айырылу анықтамасын алуымыз керек?

Жауап:
Егер азамат Ресей Федерациясында тұрақты тұруға Қазақстанның ішкі істер органдарынан Қазақстан Республикасынан шығу рұқсатын рәсімдеген болса, ол 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21 бабы 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде ҚР ұлттық төлқұжатын тапсыруға және ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеуге құқылы (егер тұлға басқа елдің азаматтығын алған болса).

Ол үшін ҚР консулдық мекемесіне хабарласып, тұрақты тұруға кету белгісі бар (немесе көші-қон полициясының хабарландыруы бар) қазақстандық төлқұжаттың түпнұсқасын тапсырып, тіркелумен бірге РФ төлқұжатының көшірмесін ұсыну қажет.

Егер азамат Ресей Федерациясында тұрақты тұруға Қазақстанның ішкі істер органдарынан Қазақстан Республикасынан шығу рұқсатын рәсімдемеген болса, ҚР ІІМ көші-қон қызметі органдарында ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеп, төлқұжат пен жеке куәлікті тапсыру қажет (Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны бойынша көші-қон қызметі басқармасы).

Егер қандай да бір себептермен ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу үшін Қазақстанға бару мүмкін болмаған жағдайда, тиісті ҚР консулдық мекемелеріне хабарласып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Еркін нысанда ҚР азаматтығынан айырылу туралы өтініш;
  • Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігі;
  • Шет ел азаматының төлқұжатының көшірмесі немесе шетелдік азаматтықтын барын растайтын құжат.

Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, шет ел азаматтығын қабылдаған тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі жайлы хабарлап, Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен (немесе) жеке куәлігін ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.


Сұрақ:
ҚР азаматтығынан шығуға арналған құжаттар тізімінде ата-ана мен жұбайының ҚР азаматтығынан шығуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімін ұсыну туралы тармақ бар. Мұндай келісім ата-анадан да, жұбайынан да 1 бланкте жасалынады ма әлде бөлек пе?

Жауап: Ата-анаңыз жұбайыңыздан бөлек Сіздің ҚР азаматтығынан шығуға нотариалды куәландырылған келісімді рәсімдеуі қажет.


Сұрақ:
Егер бала 15-те болса, оның ҚР азаматтығынан шығуына өтінімхат беру керек пе және оның ҚР азаматтығынан шығуға келісімі керек пе?

Жауап:
Қазіргі талаптарға сәйкес отбасының әр мүшесіне соның ішінде кәмелет жасқа толмаған ҚР азаматтарына да ҚР азаматтығынан шығу туралы жеке өтінімхат жазылады. Бұған қоса, 14 жасқа толған кезде ол ҚР азаматтығынан шығу туралы нотариалды куәландырылған келісімді ұсынуы қажет.


Сұрақ:
Мен Қазақстан азаматымын, Мәскеуде білім алып жатырмын. Жақында ана атанамын. Біз жұбайым екеуміз Қазақстан азаматтарымыз, сәби Мәскеуде дүниеге келеді, оған тіркеуді қалай жасауға болады, себебі тіркеуді бізге институт жасайды. Туу туралы куәлікті біз РФ АХАЖ-ынан ба әлде ҚР елшілігінен ала аламыз ба?

Жауап:
Сіз туу туралы куәлікті Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Консулдық бөлімінде (Мәскеу қ. Чистопрудный бульвары, 3а) немесе Мәскеудегі тіркеу жері бойынша АХАЖ органдарында рәсімдеуге құқылысыз. Туу туралы куәлікті алған соң Сіз оны Мәскеудегі тіркеу орныңыз бойынша көші-қон қызметінде тіркеуіңіз қажет.


Сұрақ:
Мен Қазақстаннан келдім. РФ азаматымен некелескім келеді. Қазақстанда үйленбегенім туралы анықтаманы қалай алуыма болады?

Жауап:
Некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы алу үшін Сіз ҚР елшілігінің Консулдық бөліміне некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы сұратып алу қызметін алу үшін хабарласуыңыз қажет. Сонымен қатар, Сіз аталған анықтаманы нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде Қазақстандағы сенімді өкіліңіз арқылы (ХҚКО-ға, Қазақстандағы тіркеу орны бойынша Әкімдіктің АХАТ бөліміне барған жағдайда)


Сұрақ:
Мен сотталмағандығым туралы анықтама алуым қажет. Оны РФ аумағынан шықпай қалай жасауға болады?

Жауап:
Сотталмағандығы туралы анықтаманы алу үшін Сіз консулдық мекемеге аталған анықтаманы сұратып алу қызметін алу үшін хабарласуыңыз қажет. Сонымен қатар, Сіз аталған анықтаманы нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде сенімді өкіл арқылы Қазақстанда ала аласыз (ҚР-дағы Сіздің бұрынғы тұрған орныңыз бойынша прокуратура органдарына өтініш жасаған жағдайда).


Сұрақ:
Мен Ресейдемін, жақында төлқұжатымның қолдану мерзімі аяқталады. Жаңа төлқұжатты ҚР консулдық мекемесі арқылы рәсімдей аламын ба?

Жауап:
Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттау мен тіркеу Ережелеріне сәйкес, (ҚР Ішк істер министрінің 28.11.2011 №631 бұйрығы) ҚР шет елдегі мекемелері арқылы төлқұжат рәсімдей алатын Қазақстан Республикасының азаматтары:

  1. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге тұрақты тұрып жатқан азаматтар (яғни РФ-да тұрақты тұру рұқсатын рәсімдеген Қазақстан Республикасының азаматтары);
  2. Шет елдердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан азаматтар;
  3. Шет ел аумағында бір жылдан астам уақыт еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқан азаматтар; көрсетілген адамдармен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері.

Егер Сіз осы санаттар қатарының біріне жатсаңыз, тиісті консулдық мекемеге өтініш білдіріңіз. Қажетті құжаттар тізімі «Құжаттау» бөлімінде орналасқан.


Сұрақ:
Төлқұжатты қолдану мерзімінің өтуіне байланысты мен ҚР Елшілігіне жаңа ұлттық төлқұжат рәсімдеу үшін құжаттарды өткіздім. Төлқұжаттың дайын болғаны жайлы қайдан білуіме болады?

Жауап:
Сіз құжатыңыздың ҚР ІІМ-нен келгені жайлы өтініште көрсеткен телефон нөмірі арқылы Елшілік қызметкерлерімен хабардар етілесіз.


Сұрақ:
Мен Қазақстан Республикасының азаматы, Ресейге туған-туыстарыма қонаққа келдім, рұқсат етілген мекендеу мерзімі 90 күн жақында бітеді. Уақытша мекендеу мерзімін қалай ұзартуыма болады?

Жауап:
Ресей Федерациясының 2002 жылғы 25 шілдедегі №115-ФЗ Федералды Заңының 5-бабына сәйкес Ресей Федерациясына виза талап етілмейтін тәртіпте келген шет ел азаматының Ресей Федерациясын мекендеу мерзімі осы Федералды заңмен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тоқсан күннен аса алмайды.

Егер көрсетілген мерзімнің өту сәтінде ол мекендеу мерзімін ұзартуға немесе уақытша тұруға рұқсат алмаған болса, Ресей Федерациясында уақытша мекендеп жүрген шет ел азаматы Ресей Федерациясынан визаның қолдану мерзімі немесе осы Федералды заңмен белгіленген мерзім аяқталғаннан соң (ҚР азаматтары үшін – 90 күн) елден кетуге міндетті.

Ресей Федерациясында шет ел азаматының уақытша мекендеу мерзімі шарттар өзгерген жағдайда немесе оған Ресей Федерациясына кіруге рұқсат берілуімен байланысты жағдайлар жойылған жағдайда, тиісті түрде ұзартылып немесе қысқартылуы мүмкін.

Егер жұмыс беруші Қазақстан азаматымен мерзімі 90 күннен асатын еңбек шартын жасаса Ресейде уақытша мекендеуді ұзартуға болады. Уақытша мекендеу мерзімін еңбек шартының әрекет ету мерзіміне ұзартуы мүмкін, бірақ Ресейге кірген күннен есептегенде бір жылдан артық уақытқа емес. Бұл жайлы көші-қон картасында белгі жасалынады.

Ресейде ұзақ уақытқа қалу үшін үш жылға дейінгі уақытша тұрақтауға рұқсат алу керек. Ол үшін уақытша уақытша мекендеу мерзімі аяқталмағанға дейін аумақтық Федералды көші-қон қызметі органына арнайы өтініш жазу қажет.

Уақытша тұрақтауға рұқсат алу кезінде Қазақстан азаматы уақытша тұрақтау орны бойынша тіркеуді рәсімдеп, жыл сайынғы қайтатіркеуді өтуі қажет. Сонымен қатар, жыл сайын өзінің Ресейде тұрып жатқанын растау жайлы уақытша тұрақтау рұқсатын алған орын бойынша аумақтық Федералды көші-қон қызметі органына хабарлауы қажет.


Сұрақ:
Мен Ресейге қонаққа келдім (немесе ресейлік университетті бітіріп жатырмын) және осында тұрақты тұруды қалаймын. Соған байланысты менің консулдық есепке тұруым керек пе?

Жауап:
Егер Қазақстан азаматы Ресейге тұрақты тұру үшін аттанса, ол тұрақты консулдық есепте тұруы қажет (консулдық есепке қабылданғаны жайлы төлқұжатқа қосымша парақ беріледі).

Егер Қазақстан азаматы уақытша оқуға немесе жұмысқа келген болса, онда ол уақытша консулдық есепке тұруы керек (консулдық анықтама беріледі). Консулдық есепке қою консулдық алымды төлеусіз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер