Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Туризм

Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiнің дамуы үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Ерекше географиялық жағдайдың арқасында Қазақстаннан адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштарын табуға болады. Бұл туристтiк инфрақұрылым дамуының, визалық режимнің үнемі жетілдіріліп отыруының және басқа да жағдайлардың негізінде жүзеге асады.

Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді:

Мәдени-танымдық туризм

Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады.

Қазақстанның заманауи өмірімен Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфраструктура кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады.

Экологиялық туризм

Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.

Қазақстан өзінің өлшемдері мен географиялық орналасуының арқасында әдетте туристер бөлек мемлекеттердің толық қатарында «қамдастыруы» қажет табиғи зоналарға бару мүмкіндігін ұсынады.

Ол - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Орталық Қазақстан далалары мен көлдері. Ол - ландшафтар, флора мен фаунаның әр түрлілігі бойынша Альпы ауданымен оңай теңесе алатын шығыс пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлері мен таулары. Ол - Каспий теңізінің жағалауы – әлемдегі ірі тұйық су айдыны. Ол - фототуризмнің ең сыналған әуесқойларын қызықтыра алатын Қазақстанның оңтүстік-батыс құла далалары, ол - елдің солтүстігінде орналасқан Бурабай көлінің айналасындағы ормандар және тағы басқалары.

Экотуризм қызығушылары үшін Қазақстанның туристік компанияларымен шамамен мыңдаған әр түрлі маршруттар өңделген, оның ішіне табиғи нысандарға жиі барумен қатар, сондай-ақ қазақтар-көшпенділердің ежелгі тұрмыстарымен танысу да кіреді.

Спорттық туризм

Қазақстан келесідей бағыттар бойынша спорттық туризм үшін керемет жағдайлар ұсынады: тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі, ат туризмі, велотуризм және тағы басқалары.

Қазақстан табиғаты спорттың көптеген түрлерімен айналысу үшін ерекше маршруттар мен жағдайларды ұсынады, оның ішінде экстремалдысы да бар, ал ел өкіметі, өз кезегінде, лайықты инфраструктураны қамтамасыз ету үшін өз күшін жұмсайды. Мысалға алсақ, Шымбұлақ тау шаңғы шипажай трассалары әлем бойынша ең күштілер қатарына кіреді.

Сауықтыру туризмі

Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін керемет лайықты жер. Оның ерекшелігі емдік табиғи ресурстарды белсенді қолдануында: ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, ем болатын климат. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану мен пантоемдеу қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар мұндай емдеудің «табиғи базалардың» тура қасында орналасқан.

Өз денсаулығын жақсартқысы келумен қатар, жай ғана демалып, күш жинағысы келетіндер үшін Қазақстанда көптеген демалу үйлері салынған. Олар Алакөл көлінің жағалауы, Бурабай мен Баянауыл шипажайлық зоналары, Каспий теңізінің жағалауы, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерлері және т.б. сияқты әдемі және экологиялық таза жерлерде орналасқан.

Діни туризм

Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары.

Қазақстанның заманауи діни құрылыстары қажылыққа баратын адамдарды да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Астана қаласының маржаны «Қазақ елі» басты алаңында орналасқан «Қазірет Сұлтан» мешіті болып саналады.

Ислам мешіттерімен қатар, Қазақстанда Вознесенский кафедралы соборы, Успенский кафедралы соборы, Свято-Троицкий ғибадатханасы, Воскресенский соборы (Семей қ.) сияқты керемет православие шіркеулердің біразы бар.

Елдің оңтүстік-шығысы мен Алтайда Қазақстан аумағындағы буддизмның болу тарихын айқындайтын нысандар қатары бар.

Іскерлік туризм

Іскерлік туризм жыл сайын қонақтардың көбісін Қазақстанның ірі қалаларына баурайды. Ол, бірінші кезекте, Астана, Алматы және Атырау. Мұнда шетелдік бизнес-туристердің әсерлі санын елге тартатын түрлі-түрлі аймақтық және халықаралық конференциялар, саммиттер, симпозиумдар жиірек өткізіледі.

Туризмнің бұл түрін дамыту үшін ел қалаларында ылғи туристердің әр түрлі топтарына қарай ыңғайландырылған мейманханалар салынып тұрады: ол ең әйгілі әлемдік қонақ үй желілерінің бес жұлдыз меманханалары және жайлы шағын қонақ үйлері, сонымен бірге хостелдар.

АЛМАТЫ

АЛМАТЫ

Алматы  – 70 жыл бойы Қазақстанның астанасы болған елдiң ең iрi қаласы. Қазіргі таңда Алматыны «Оңтүстік астана» деп те атайды. Шын мәнінде, қарқындылығы, экономикалық, қоғамдық және мәдени өмiрi жағынан – бұл - астаналық қала.

БАЙҚОҢЫР

БАЙҚОҢЫР

Туристерді  өткен дәуір әлемімен таныстыратын тарихи ескерткіштерден басқа, Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың тарихын сипаттайтын тамаша бір нысан бар.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Шығыс Қазақстанда таулы жерден шөлге дейін, қылқан жапырақты ормандардан шексiзге ми далаға дейін табуға болады. Сонда да, шығыстағы негiзгi табиғи ландшафттар – таулар.

АЛМАТЫ МАҢАЙЫ

АЛМАТЫ МАҢАЙЫ

Алматы қаласы орналасқан Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аумағы – туристтiк маршруттардың барлық түрінің бастауы. Танымдық туризмді ұнататындар екі мың жылдық тарихы бар тарихи ескерткiштермен таныса алады, экологиялық туризммен айналысатындар өзгермеген табиғи ерекше ландшафттарды көре алады.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

Батыс Қазақстан – өзінің таң қалдырарлық ерекше көріністерімен қатар, тарихи, археологиялық және мәдени ескерткіштерінің арқасында туристтер тарапынан үлкен қызығушылық туғызуда.

ЮНЕСКО-НЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ

Қазақстанның 4 нысаны ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді. Оларға Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтары, сонымен қоса, Чанъань-Тянь-Шань дәлізі желісіндігі Ұлы Жібек Жолы жатады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Солтүстік Қазақстан ең алдымен өзінің ерекше табиғатымен танымал (сілтеме – 5-б, 4-т – Ландшафттар). Өңірдің көрікті жерлеріне Астана, Қостанай, Павлодар және Қарағанды қалаларынан жету ыңғайлы.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Оңтүстік Қазақстан - Отанымыздың көптеген тарихи және мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ. Бұл жерде ежелгі қалалар, кесенелер, ғибадат орындары орналасқан. Көптеген ғасырлар бойы осы жерлермен Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа, атақты Жібек жолы арқылы керуен жолдары өтті.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер