Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жетекші рөл атқарады.

27 шілде Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, онда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері бас қосты. Дәстүрлі түрде Үкіметаралық кеңестің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті. Шағын құрамда қатысушылар ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру барысын, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік салаларында өзара іс-қимыл орнату мәселелерін қарады. Атап айтқанда, ортақ газ нарығын қалыптастыру, техникалық құралдарды пайдалана отырып және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің түйіндесуі арқылы Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланды.

24 шілде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті. Патриарх Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатын ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діндер арасындағы, оның ішінде православ дінімен де арадағы өзара сұхбат сындарлы түрде дамып келе жатқандығын ерекше атап өтті. 

23 шілде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды. 

9 шілде Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылуының 20 жылдығына орай екі елдің сыртқы істер министрлері құттықтау жолдауларымен алмасып, екі халықтың достығын нығайту мүддесімен көпқырлы ынтымақтастықтың дамуын жалғастыруға сенім білдірді. 

9 шілде Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері А.Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапары шеңберінде "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Рогозинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру, бірлескен ин­вес­тициялық жобаларды жүзеге асыру және Байқоңыр қаласын әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар жаңа буындағы ұшатын көлік корабльдерін ғарыш көгіне аттандыратын "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыруды жеделдетуге уағдаласты. 

6 шілде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астананың 20 жылдығымен құттықтады. Ресей Президенті Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі. 

4 шілде Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарлары, сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру келешегі талқыланды. Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады. 

29 маусымда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин және Ресей Федерациясы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі А.Силуанов Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған архитектуралық көрменің ашылу қатысты. 

14-15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы Мәскеу қаласындағы "Лужники" стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. Қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановпен кездесті, Қазан федералдық университетіне және өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды. Бұдан өзге, Мемлекет басшысы Бұлғар қаласын және Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жобаларымен танысты.

23 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаев Астанада РФ қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті. Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады. Ресей басшысы Қазақстан Президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.

20-21 мамырда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ресейге ресми сапары өтті. Сапар барысында Н.Нығматулин Александровский бағындағы белгісіз сарбаз моласына гүлдесте қойып, РФ Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен, Федерация Кеңесі төрайымының орынбасары И.Умахановпен кездесті, «Сколково» инновациялық орталығын аралады, ал Мемдума қабырғаларында «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесі ашылды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз еткен Мәжіліс Төрағасы жоғары деңгейдегі кездесулер мен жеткен жетістіктер стратегиялық әріптес саналатын қос мемлекеттің өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналғандығын атап өтті. Н.Нығматулиннің пікірінше, біздің елдеріміз арасында сенімді саяси үнқатысу орнап, терең экономикалық байланыстар орнаған, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген бірлескен тиімді жұмысының нәтижесі. Н.Нығматулин екі ел басшыларының келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қолдауға ерекше назар аударды.

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Мәжіліс делегациясының ресми сапарының маңыздылығына тоқталды. Бұл соңғы 10 жылдағы алғашқы сапар. В.Володин қазақстандық және ресейлік депутаттардың бүгінгі кездесулері парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

Жүздесу барысында Парламенттер палаталарының басшылары Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның, бейінді комитеттер мен достық топтарының әлеуетін тиімді пайдалануға уағдаласты.

Мемлекеттік Думада екі елдің дипломатиялық қатынасының орнағанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде Мемлекеттік Думаның XX ғасыр басындағы бірінші және екінші шақырылым жұмыстарының мұрағаттық суреттері қойылған, ол жұмыстарға қазақ депутаттары да қатысқан болатын. Ал ортақ тарих туралы Ұлы Отан Соғысы, тың игеру кезеңіндегі ерліктер, Байқоңырдан ғарышқа алғашқы сапар жайындағы естелік қойылған.

16 мамырда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми Ресей Федерациясы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Конституция және конституциялық бақылаудың міндеттері» атты халықаралық конференцияға қатысты. Ол VIII Петербург халық­аралық заң форумы жұмысының басталуы қарсаңында болды. Панельдік сессияларда және соның шеңберінде өтіп жатқан конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жаһандық әлеуметтік-экономикалық және өзге де сын-қатерлер контек­сін­дегі өзекті заң мәселелері талқы­ланады. Пікірталастар сондай-ақ Еура­зия­лық экономикалық одақтың құ­қықтық негіздеріне, білікті заң көмегін көрсету мәселелеріне, терроризмге, киберқылмыстылыққа қарсы күреске, корпоративтік құқықты, төрелікті, банкроттық және көптеген басқа да құқықтық институттарды дамытуға арналды.

14 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочиде РФ Президенті В.Путинмен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті сайлауындағы жеңісімен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттарда екіжақты достық әрі тығыз ынтымақтастық орнағанына тоқталды. «Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты. «Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс істеп, алға ұмтылып, бұл кезеңдерді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша бірқалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс істеуге тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясының Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салаларда өзара тиімді қарым-қатынастар орнағанын айтып, олардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясының көлемі артқанын да атап өткім келеді», – деді Владимир Путин. 

14 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Басқосу барысында тараптар экономикалық одақ аясындағы экономикалық өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің одан әрі экономикалық интеграциялану нәтижелері мен перспективаларына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы интеграциялық үдерістер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық даму қарқынына зор үлес қосып отырғанын айтты. «Бұған стратегиялық салалардағы – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі оң қарқын септігін тигізді. Сыртқы саудада да, ішкі саудада да айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Былтыр Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы және өзара ішкі сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өсті. Оң қарқын биыл да сақталып отыр», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық одақтың халықаралық беделі арта түскенін, сондай-ақ шет елдер осы ұйыммен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті РФ Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады. «Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін. Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті Д.Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

4 мамырда екі елдің көшбасшылары телефон арқылы бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алдағы мерекесімен құттықтады. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Осы орайда, екі елдің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы ішкі және сыртқы сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өскенін атап өтіп, халықаралық қоғамдастық тарапынан бұл бірлестікпен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтың артып отырғанын айтты.

26 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров және оның ресейлік әріптесі Татьяна Москалькова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі мемлекет аумағында қиын өмірлік жағдайға түсіп қалған адамдарға көмек көрсету жүйесін жетілдіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктерін нығайтуға, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы алдын ала шаралар кешенін қолдануға, сондай-ақ форумдар, практикумдар, семинарлар және конференциялар шеңберінде құқық қорғаушылық мәселелер бойынша ақпарат және тәжірибемен өзара алмасуға бағытталған.

«Екі мемлекеттік құқық қорғаушылық органдардың өзара ықпалдасу тарихында алғашқы рет адамдарға жәрдем берудің жаңа перспективаларын ашып отырған – ал ол болсын екі институт үшін ең басты мақсат – Меморандум жасасуы өтті», - деді Татьяна Москалькова. Ол Ресей мен Қазақстан құқықтық институттарының дамуы үшін келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат құқық қорғаушылық әрекеттер мәселелері бойынша ақпаратпен өзара алмасуға және екіжақты консультацияларды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға жол ашады.

Татьяна Москалькова Астанаға «ҰҚТ және ұлттық құқық қорғаушылық мекемелердің бірлескен жігерлерімен азаптауды алдын алу» Ұлттық алдын алу тетігінің екінші форумына қатысуға келді. 

26 сәуірде Астанада Қазақстанның Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесті. Қазақстанның Бас прокуратурасы соңғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады. 112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Ресейге 242 орыс азаматы қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар «Байқоңыр» кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі Келісімге қол қойды. Тараптар бірінші Келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті. «Байқоңыр» кешені аумағына қатысты ынтымақтастық туралы Келісім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеп-тексеруді жүргізуде Қазақстан-Ресей серіктестігін одан әрі нығайта түседі.

25 сәуірде «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары өзара ықпалдастық туралы хаттамаға қол қойды. Билік партиялары өңірлік партиялық құрылымдар арасындағы әріптестікті одан ары нығайта түспек. Мұндай келісімге «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен көрші елдің партиялық делегациясын бастап келген «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Сергей Железняктің кездесуінде қол жеткізілді.

Астанада өткен кездесуде тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас тең құқықтық, тәуелсіздікке құрмет, аумақтық тұтастық және ұлттық мүдде негізінде дамып жатқандығына назар аударды. Бұл қағидалар екі елдің партияаралық әріптестігінің берік негізіне айналғандығы да атап өтілді. Ресми кездесуде Мәулен Әшімбаев делегаттарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамаларымен, сонымен қатар «Нұр Отанның» партиялық жаңғыру аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстырды. Кездесу соңында «Нұр Отан» мен «Единая Россия» арасында 2020 жылға дейін Өзара ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды.

«Біз барлық бастамаларды қолдаймыз. Бұл қолдау жастар жобаларын және халықтарымыздың игілігіне бағытталған басқа да іс-шараларды аймақтық, жергілікті партиялық ұйымдарымыз бірігіп жүзеге асыру арқылы екі партия арасындағы тығыз қарым-қатынастың аясын кеңейте түседі деп сенемін. Осындай партияаралық қарқынды жұмыс екі халық, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын бейнесін көрсетеді», – дедi Сергей Железняк.

25 сәуірде Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастаған еліміздің делегациясы Қауіпсіздік мәселелермен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуіне қатысты. Кездесу барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізу және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Н.Ермекбаев «Халықаралық террористік ұйымдардың стратегиясы мен тактикасының дамуы» тақырыбындағы баяндамасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға байланысты нормативтік құқық базаны қалыптастыру жөніндегі Қазақстанның іс-қимылына, еліміздегі терроризмге қарсы күштердің ұйымдастырылу жайына, ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ аясындағы серіктестермен бірлесе атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарына тоқталды. Әлемдегі барлық мемлекеттердің терроризмге қарсы күрес жүргізуші күштерін жұмылдырудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы тоғызыншы халықаралық кездесудің қатысушыларына Нұрсұлтан Назарбаевтың Терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін (коалиция) құру, сондай-ақ Террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін әзірлеу туралы бастамаларын белсенді түрде қолдауды ұсынды.

23 сәуірде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Мәжіліс Төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, А. Бородавкиннің дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады. Н.Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің терең түсіністік пен достыққа негізделген салиқалы саясаттарының арқасында біздің елдеріміз өзара әріптестіктің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізді. Маңызды бағыттар қатарында Н.Нығматулин аймақаралық және шекаралаық ынтымақтасты, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлесітктер аясында өзара іс-қимылды атады.

Екі елдің Парламент өкілдері ТМД ПАА аясында ұлттық заңнамаларды үйлестіру бойынша табысты еңбек етіп, ЕурАзЭО заңнамалық базасын қалыптастыруда бірлесе белсенді жұмыс істеуде.

20 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

17 сәуірде Ресей тарапының бастамасымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтің және РФ Президенті В.Путиннің телефондық сұхбаты өтті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

12 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Сенат басшысы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Минск саммитінде белгілеген Қазақстанның 2018 жылы ҰҚШҰ-да төрағалық етуіндегі бес басымдығы туралы әріптестерін хабардар етті. Олар мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимылы тетіктерін кеңейту; әскери-техникалық ынтымақтастықты іс жүзінде ұйымдастыру; ҰҚШҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық іс-қимылдың халықаралық жүйесін қалыптастыруға қатысуы; ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кибер қауіпсіздікке қарсы әрекет етудің бірлескен әдістері; есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру болып табылады.

Қ.Тоқаев әлеуетті құрылымдардың жедел әрекет етуі мен жұмыстарының реттелуін арттыру үшін ҰҚШҰ Бірлескен штабы мен Дағдарысқа әрекет ету орталығы жаңа құрылымының тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ол халықаралық терроризмге және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында Қазақстан өз қызметін ҰҚШҰ-ның өзара іс-қимыл жасау аясын БҰҰ-ның терроризмге қарсы құрылымдарымен кеңейту мәселелеріне, сондай-ақ халықаралық салада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай әдістерді әзірлеуге және ілгерілетуге шоғырландыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Осыған байланысты, Минск сессиясы барысында біздің еліміздің Мемлекет басшысы халықаралық аренада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай тәсілдерді бірлесіп ілгерілетуді ұсынған болатын. Мұнда ең алдымен, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер азаматтарының шет елдерге, террористік әрекеттер өршіп тұрған ошақтарға шығуына жол бермеуге бағытталған бірлескен профилактикалық іс-шаралар туралы, сондай-ақ қоғамдық санада радикалды саяси және діни көріністердің кез келген нысандарын қабылдамау түсінігін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы сөз болып отыр», – деді Сенат басшысы.

ҰҚШҰ-ның одан кейінгі басымдығы – кибер қауіпсіздігі қатері туралы айта келіп, Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдары нысандарына бағытталған компьютерлік шабуылдарды жою жөніндегі шаралар әзірлеу, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы анықталмаған мүмкіндіктерді зерттеу әдістері бойынша тәжірибе алмасу үшін Ұйымның үнқатысу алаңдарын кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті.

Қазақстан есірткілердің заңсыз айналымына қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ҰҚШҰ-ның қызметін аса маңызды бесінші басымдық деп санайды. Біздің еліміз ҰҚШҰ-ның 2015-2020 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын жүзеге асыруға күш салуға, оған БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Алматыда құрған Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдерін тартуды ұсынып отыр.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, ҰҚШҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және АӨСШК-пен тығыз байланыс орнамайынша белгіленген бағыттар бойынша тиімді жұмыстар жүргізу мүмкін емес.

Қазақстан Сенатының басшысы сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесінің отырысына да қатысты. Отырыс барысында Кеңес мүшелері – Ассамблея құрамына енетін делегациялардың басшылары Ассамблея мен оның Хатшылығының жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді қарады, ТМД ПАА-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарын талқылады. Парламентшілер ТМД ПАА Экономика және қаржы, Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырыстарында үлгі заңдардың жобаларын талқылады.

12 сәуірде Мәскеуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевтің РФ Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачевпен кездесуі өтті. Қазақстандық делегация Ресей Ауылшаруамині Талдау орталығынің әлеуетімен танысты, ол елдеріміздің бірлесіп дамуындағы экономиканың цифрландыруы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадамы болмақ. Сондай-ақ тараптар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде қант нарығының даму мәселесін талқылады. Кездесуге Беларусь Республикасының, Еуразиялық экономикалық комиссиясының, ресейлік салалық одақтар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

13 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясында өткен «Достастық елдері мәдениетінің өзара іс-қимылы: жай-күйі, келешегі мен құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша отырысқа қатысты. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың идеологиялық жаңарулардың бағдары нақты белгіленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына парламентшілердің назарын аударды. Осы бағдарлама бойынша, деді Төраға, Қазақстан мәдениеті халықаралық қоғамдастыққа БҰҰ-ның барлық тілінде, оның ішінде орыс тілінде де ұсынылатын болады.

«Біз Қазақстан әдебиетіндегі, кинематографиясындағы, драматургиясындағы ең үздік шығармалардың бүкіл әлемдегі, бірінші кезекте Еуразия кеңістігіндегі миллиондаған адамдардың жүрегінен орын алғанын қалаймыз. Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғырудың мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық тұжырымдамасы міндеттерімен үйлесетініне сенімдімін», – деді Қ.Тоқаев. Осыған байланысты Сенат басшысы ТМД мемлекеттерінің мәдени ықпалдастығы тұрғындар өмірінің сапасын арттырудағы маңызды мәселе, гуманитарлық даму міндеттерін іске асырудың кепілі және халықтардың рухани ерекшеліктерін сақтаудағы өзекті мәселелердің шешімі болуы тиіс екенін атап өтті.

11 сәуірде Астанада Ресейдің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның президентіне сенім грамотасын табыстады. Рәсім барысында қазақстандық көшбасшы Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны болып саналады және стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі ретінде қызмет етеді деп мәлімдеді. «Біздің тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық бірлестігі табысты жұмыс істеп тұр», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бағдар екі халықтың да барынша жоғары қолдауына ие болып отырғандығын баса айтты.

«Ресей Президенті Владимир Путинмен ізгі жеке байланыстарды жоғары бағалаймын. Таяудағы сайлауда оның жеңісі – бұл Ресей халқының елді одан ары гүлденуі, геосаяси рөлінің нығаюы жолындағы өз көшбасшының бағдарына деген ең жоғары кезекті бағасы, сонымен қатар оның еліне деген шексіз жан-тәнімен берілуі деп есептеймін. Қазақстан Ресеймен арадағы екіжақты форматтағы және халықаралық күнтәртіп аясындағы байланыстарын екі халықтың игілігі үшін кеңейте беруге ниетті», – деді Елбасы. 

11 сәуірде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Санкт-Петербургте қала Губернаторы  Георгий Полтавченкомен кездесті. Аталған шара барысында қос тараптың сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларына қарасты бірқатар келелі мәселелер қаралды. Атап атқанда, 2017 жылы Қазақстан мен Санкт-Петербург арасындағы тауар айналымы көрсеткіші бойынша 2016 жылмен салыстырғанда 14 пайызға өсіп, $826 млн. құрады. Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында сауда серіктестік қарым-қатынасы бойынша 2-ші орынды иеленіп отыр.

2017 жылы Санкт-Петербургтің Үкіметі Астана қаласының әкімдігімен 2017-2021 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалар бойынша арнайы бағдарлама жасасқан еді. Ал ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен 2017-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау, медицина және фармация  салалары бойынша Жол картасына қол қойылған. Бұдан басқа, еліміз бен Санкт-Петербургтің көптеген жоғарғы оқу орындары арасында да 135-ке жуық әртүрлі келісімдер жасалған. Бүгінгі күні аталған қаланың ЖОО-да 5,8 мың қазақстандық студент білім нәрімен сусындауда.

Айта кету керек, 2018 жылы Санкт-Петербург қаласында Астана күндері атап өтіледі. Осы шараның басты ерекшелігі – іскерлік қарым-қатынасы кеңесінің отырысы болмақ. Осы ретте, Георгий Полтавченко, қаланың Үкіметі осы шараның күнтізбесіне енген барлық шараға жан-жақты көмек көрсетілетінін қадап айтты.

4-5 сәуірде Астанада Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволарының Саяси ынтымақтастық жоспарын іске асыру аясында екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында саяси конультациялар өткізілді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ресейлік делегацияны – Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшысы Григорий Карасин басқарды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жағдайын және оларды дамыту келешегін, Орталық Азиядағы жағдайды, көпжақты қауымдастықтағы өзара әрекеттестікті, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті дамыту мәселелерін талқылады. Консультациялардың қорытындысында делегация басшылары Қазақстан мен Ресейдің мемлекетеаралық қатынастардың барлық салаларында өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, интеграциялық байланыстарды, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары атқарып отырған жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

4 сәуірде 2018 жылы Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов VII Халықаралық қауіпсіздік бойынша мәскеулік конференциясына қатысты. Оның шеңберінде өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті. ҚР Қорғанысмині басшысы екіжақты кездесу барысында әскери ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей келісімінің өзектілігін арттыру, сондай-ақ үшжылдық бірлескен әскери жоспарлауға көшу қажеттігі туралы мәлімдеді. "Әскери ынтымақтастық туралы келісім 1994 жылы жасалған еді. Сол уақыттан бері көптеген өзгерістер өтті, алдымызда XXI ғасыр. Сондықтан құжатты қазіргі заманның шындығына сәйкес келтіру ниетіміз бар. Оған не жазу, немен толықтыру керек екенін біз білеміз. Келісімді өзектендіру қажет", – деді Сәкен Жасұзақов.

Сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрі екі ел қорғаныс мекемелері бірлесіп шешіп жатқан әскери білім мәселелерінде «сезімтал жағдайлары бар». «Ақпараттандыру, киберқауіпсіздік, психологиялық операциялар мәселелері қазіргі уақытта өте маңызды. Осы салдағы сіздердің технологияларыңызды зерттеуге мүмкіндік алуымыз қажет», - деп мәлімдеді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Сондай-ақ Сәкен Жасұзақов кейіннен офицер бола отырып, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ міндеттерді шешу жолында әскери қызметкерлер бірін бірі жақсы түсіну мақсатында әскери училищелердің курсанттарымен алмасуды ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу Сирия Араб Республикасындағы ахуалды реттеуде Қазақстанның қосқан үлесін Ресей тарапы жоғары бағалайтынын мәлімдеді. «Астана процессі өзінің тиімділігін дәлелдеп, Сириядағы қарама-қайшы тараптар арасындағы диалогтың маңызды бөлігіне айналды», - деп айтты ресейлік әскери ведомствоның басшысы. «Әскери саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігіне және Сізбен кездесуге шынайы қуаныштымын. Өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуда және тұрақтылықты сақтауда екі елдің міндеттері ортақ. Осыны ескере отырып, қорғаныс саласындағы әріптестікті жоспарға сәйкес дамытып келеміз», - деп атап өтті Ресей қорғанысминінің басшысы.

Армия генералы Сергей Шойгу өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары ретінде жедел және әскери дайындық бойынша бірлескен іс-шараларды, түрлі жарыстарды, қарулы күштерді жанжақты қамтамасыз ету бойынша тәжірибемен алмасуды, Ресей мен Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныш Бірыңғай өңірлік жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық пен кадрларды даярлауды атап өтті.

29 наурызда 2018 жылы Астанада Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Спикер Кемероводағы апатта қаза болғандарға байланысты көңіл айтты. «Біз осы оқиғада құрбан болғандардың туыстары мен жақындарының орны толмас қайғылыларына ортақпыз», деді ол. Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдағанын айтты. Жүздесушілер Астана мен Мәскеу арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Оны алға жылжытуда мемлекет басшыларының рөлі зор екені айтылды. Қ.Тоқаев: «Біз В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының табысты жалғасатынына сенімді кепілдік ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті. Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегіне тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тығыз байланыстар парламентаралық үнқатысудың маңызды құралы болып қызмет етеді. Қ.Тоқаев биылғы 10-11 қазандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лилерлерінің VI Съезі туралы хабардар етіп, Ресейдің православ шіркеуі мен басқа да дәстүрлі діндердің жоғары өкілдерінің қатысатынына сенім білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен А.Бородавкинді құттықтап, Ресей Елшісі жоғары лауазымында ол біздің елдер арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенім білдірді.

29 наурызда 2018 жылы Санкт-Петерборда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев пен Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі – ҰҚШҰ Жауапты хатшысының орынбасары Виктор Рогалев қатысты. Сенатор Төлеубек Мұқашев «Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы 2018 жылғы төрағалық етуіндегі басымдықтары туралы» және «ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы қысқы сессиясының (Вена, 2018 жылғы 22-23 ақпан) қорытындылары туралы және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы жазғы сессиясының (Берлин, 2018 жылғы 7-11 шілде) алдын-ала күн тәртібі туралы» баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Виктор Рогалев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының 2018 жылы 18 наурызда өткен Ресей Федерациясындағы президент сайлауына халықаралық байқауға қатысуы жөніндегі қорытындылармен комиссия мүшелерін хабардар етті. Тұрақты комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Тұрақты комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін депутаттар мен шақырылғандар Кировск қаласына барып, Ленинградтың қоршаудан босатуға арналған шайқастар көріністерін көрді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше мемлекеттердің жоғары заң шығару органдарының өкілдері адамзатты фашистік қатерден азат ету үшін қаза тапқан батырлар ескерткішіне тағзым етті.

26 наурызда 2018 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

19 наурызда 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді. Қазақстан Президенті сондай-ақ Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. 

15-19 наурызда 2018 жылы ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің 25 депутаттарынан құралған парламенттік делегация президенттік сайлауға (18 наурыз) халықаралық байқаушылар миссиясымен Ресейге (Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазар, Орынбор, Астрахан, Омбы, Қорған қалаларына) сапармен барды.

16 наурызда 2018 жылы Астанада Қазақстанның Басшысы Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесіне кепіл елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесті. Кездесуге Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қатысты. Әңгімелесу барысында тараптар Астана алаңы форматында Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің нәтижелері мен перспективаларын талқылады.

7 наурызда 2018 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

26-27 ақпан 2018 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Д.Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің бірлескен отырысының қорытындылары туралы әңгімеледі. Сенатордың пікірінше, Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысымен қоса парламентаралық өзара іс-қимылдың осындай тетігі Еуразиялық ынтымақтастық жолында туындайтын нақты мәселелер мен кедергілерді жедел шешу үшін өте тиімді. В.Матвиенко екі елдің парламенттері жоғарғы палаталарының мүшелерін Қазақстан мен Ресей президенттерінің төрағалық етуімен жыл сайын өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына белсенді түрде атсалысуды ұсынды. Федерация Кеңесінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінде табысты төрағалық етуімен құттықтады және Д.Назарбаеваны биылғы қыркүйекте өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қатысуға шақырды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мен ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды. Мәскеуге жұмыс бабындағы сапар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесу болды. Еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылай келіп, Д.Назарбаева интеграциялық үдерістерді жария етудің жеткіліксіздігі жайында атап өтті. Сенатор ЕАЭО телевизиясын құру туралы ұсыныс айтты.

3 ақпан 2018 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен "Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі" атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

22 қаңтар 2018 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

12 қаңтар 2018 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровпен халықаралық деңгейде мемлекеттердің, нақтырақ, Бірікке Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі елдердің қарым-қатынасы жайлы пікір алмасты.

26-27 желтоқсан 2017 ж. Мәскеуде ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бейресми самиттің күн тәртібінде халықаралық және өңірлік маңыздағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ТМД аясындағы ынтымақтастықты нығайту жайы да әңгімеге арқау болды.

18-19 желтоқсан 2017 ж. Мәскеу қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Кремльде өткен РФ Президенті В. Путиннің алқалы кездесуіне және ТМД елдерінің арнайы және қауіпсіздік қызмет басшыларының жиынына қатысты.

4 желтоқсан 2017 ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.

4 желтоқсан 2017 ж. ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. Божко және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С. Қаныбеков РФ Мемлекеттік думасы ұйымдастырған " Парламентарийлер есірткіге қарсы" халықаралық ғылыми-тәжіриебелік конференция жұмысына қатысты. Сондай-ақ РФ Мемлекеттік думасының депутаттарымен бірнеше екіжақты кездесуге қатысты.

30 қараша -1 желтоқсан 2017ж. ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің Сочи қаласында өткен кездесуге қатысты.

27-28 қараша 2017 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бастаған, құрамында Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдірахман және Ассамблеяның тағы басқа өкілдері бар делегация Мәскеудегі жұмыс сапары барысында РФ Мемлекеттік думасындағы Ұлттар ісі бойынша Комитетінің төрағасы Ильдар Гильмутдиновпен кездесті. Кездесу барысында тараптар көршілес екі мемлекет арасындағы бірлесе жұмыс атқару, қоғамдық келісім және бірлік, азаматтық біртектілікті нығайтуды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті сұрақтарды қарастырды.

27 қараша 2017 ж. Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен кездесу өтті. Онда Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қатынасына 25 жыл толғаны және де екі ел стратегиялық серіктеске айналғаны айтылды.

24 қараша 2017 ж. Сочиде ҚР Сенат Парламенті төрағасының орынбасары С. Громов бастаған бір топ депутат 11 -ші ҚР Сенат Парламенті мен РФ Федералдық Федерация Жиналысы кеңесінің кездесуіне қатысты.

22-23 қараша 2017 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының бесінші кездесуіне қатысты.Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

9 қараша 2017ж ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Адам капиталын дамыту тақырыбына арналған форумға екі ел өңірлерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, сондай-ақ ғылым және білім саласының өкілдері қатысқан форум.

30 қазан 2017ж. Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай екі ел парламентшілерінің кездесуі өтті. Оған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысының Мемлекеттік думасының салалық комитеттерінің депутаттары қатысты.

12 қазан 2017ж. Сочи қ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев РФ Президенті В.В. Путинмен екіжақты кездесу өтті. Сол күні екі ел басшылары ФРГ іскер орталығы өкілдерімен кездесу өткізді.

10-12 қазан 2017 ж. Н.Ә. Назарбаев ТМД елдері басшыларының басқосуы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың жиынына қатысу үшін Сочиге келді.

12-14 қазан 2017ж. ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына және ОДКБ Парламент ассамблеясының жиынына қатысты.

13 қазан 2017 ж. ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясының жиынында РФ Мемлекеттік Думасының Спикері В.Володинмен бірқатар мәселелерді талқылады.

6 қазан 2017 ж. Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің элиталы ЖОО бірі – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) түлектерімен кездесу өткізді. Оған Лавров пен Тоқаевтан басқа ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов, член Совета директоров компании ERG компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Патох Шодиев және Қазақстанның СІМ Қайрат Әбдірахманов та қатысты.

7 қазан 2017ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Н. Назарбаев В.Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

6 қазан 2017ж. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 жыл дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына орай ресми сапармен Астанаға келеді.

25 қыркүйек 2017ж. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ресей Президенті Қазақстан Президентін биылғы 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің Астанада табысты өтуімен құттықтады.

14 тамыз 2017 ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

14 тамыз 2017 ж. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

14 тамыз 2017 ж. РФ министрлер кабинетінің Төрағасы Д.Медведев Үкімет басшыларының деңгейінде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті жиынына қатысу үшін Астанаға келді.

22 маусым ресейлік парламентарий Астанадағы «Экономиканы жаңғыртуды құқықтық қамтамасыз ету» халықаралық парламент конференциясына қатысты.

20-21 маусым Астанада ҚР мен РФ ҚК аппараттары арасында кезекті екіжақты кеңесі өткізілді.

8-9 маусым РФ Президенті В.Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінің жұмысына және ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

25-26 мамыр ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңесі мен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақ қаласына барды.

25 мамыр ресейлік парламент делегациясы Астанада «ОА қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі парламент рөлі» дөңгелек үстеліне қатысты.

23-25 мамыр 2017 ж. Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов қауіпсіздік мәселелеріне жауапты Жоғары өкілдердің сегізінші халықаралық кездесуіне қатысты. (Тверь облысы, Завидово қ).

5-6 сәуір 2017 жылы Президент кеңесшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттердің ҚК хатшыларының жиналысын өткізді.

27-28 наурыз 2017 ж. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев Санкт-Петерборда ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының отырысына қатысты.4 және 18 наурыз 2017 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

27 ақпан 2017 ж. Ресей Президенті В.В.Путиннің Қазақстанға (Алматы) іссапары орын алды.

28 қаңтар 2017 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин телефонмен сұхбаттасты.

19-20 қаңтар 2017 ж. Қазақстан СІМ-нің жаңа басшысы Қ.Қ.Әбдірахманов өзінің алғашқы шетелдік сапарын Ресейде өткізді.

16 қараша 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

4 қазан 2016 ж. екі мемлекеттің президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Қазақстан және Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумының отырысына және Қазақстан-Ресей бизнес-форумы жұмысына қатысты.

16 тамыз 2016 ж. Сочи қаласында Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің кездесуі өтті.

12 тамыз 2016 ж. Сочи қаласында Қазақстан және Ресей премьер-министрлері К.Қ.Мәсімов пен Д.А.Медведевтің сұхбаттары орын алды.

13 шілде 2016 ж. Ресей Сыртқы істер министрі С.В.Лавров Астанада Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің мәжілісіне қатысты.

6 шілде 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

17 маусым 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде кездесулері өтті.

31 мамыр 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында кездесті.

8 мамыр 2016 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығына арналған естелік іс-шараларға қатысты.

8-9 мамыр 2015 ж. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары өтті, оның шеңберінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

9-10 шілде 2015 ж. Президент Н.Ә.Назарбаевтың БРИКС көшбасшыларының кездесуі және ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі шеңберіндегі іс-шараларға қатысу үшін Уфаға сапарлады.

16 қыркүйек 2015 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Сочиде XII Өңіраралық ынтымақтастық форумның аясында кездесті.

15 қазан 2015 ж. Ресей Президенті В.В.Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарымен барды.

20-22 желтоқсан 2015 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына қатысу үшін Мәскеуге сапарлады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер