Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық

2018 жылдағы Қазақстан және Ресей мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы

2018 жылы мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты жемісті ынтымақтастықтың жағымды тренді жалғасын тапты.

27 қаңтарда «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінің мәжіліс залында «Жас Отан» бірлестігінің, «Нұр Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студент жастармен кездесуі ұйымдастырылды. Әңгіме барысында Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы «Жас Отан» IV Съездінің мәселелері көтерілді, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан жастар саясатының новациялары туралы тақырып талқыланды. Бұдан бөлек, бірлестік төрағасы студенттерге «Нұр Отан» партиясындағы, соның ішінде «Жас Отандағы» реформалар туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар шетелде оқитын қазақстандық студенттерді қолдау шараларымен байланысты және қазақ диаспорасының жастарымен өзара әрекеттестік тетіктері мәселелері талқыланды.

30 қаңтарда «Жас Тұлпар» қазақстандық студенттер бірлестігі және Мәскеу ЖОО-дағы жерлестіктер басшыларының қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының доценті Д.Мықтыбаев, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің посткеңестік шет елдер кафедрасының доценті А.Гаджиева және МИСиС проректорының көмекшісі С.Уандықов шақырылды. Қазақстандық студенттік жастармен Мемлекет басшысының қойған міндеттері талқыланып, оларды орындауға жастардың қосуы мүмкін үлесі атап өтілді.  Сонымен бірге, қалыптасқан қазақ мемлекетінің жастары арасындағы бірлікті нығайту, Жолдаудағы мақсат-міндеттерді іске асыру бойынша студенттердің парызы мен жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері көтерілді.

2 ақпанда Елшіліктің Баспасөз орталығында «Елшілік кештері» жобасының шеңберінде 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадаға КСРО құрама командасында өнер көрсеткен баскетболшы Алжан Жармұхамедов (қазақ ұлтынан шыққан бірінші Олимпиада чемпионы) және «Движение вверх» фильмінің актері Александр Ряполовпен шығармашылық кездесу өтті. Шығармашылық кешке Елшілік және Ресейде аккредителген бірқатар шетелдік елшіліктердің  дипломаттары, РФ СІМ қызметкерлері, қазақстандық аспиранттар және мәдени-білім ұйымдарының өкілдері қатысты.

12 ақпанда В.И.Вернадский атындағы Мемлекеттік геологиялық музей базасында «Есть такая профессия – геолог» тақырыбы бойынша өткен үшінші телекөпір – лекция барысында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусьтің 43 жоғары оқу орнының студенттері және оқытушыларымен кездесу және талқылау өтті. 

Телекөпір шеңберінде Қазақстан келесі ЖОО қатысты:

- Назарбаев Университет;
- Байшев атындағы Ақтөбе техникалық университеті;
- Горно-металлургический институт имени О.Байконурова при КазНИТУ им. К.И.Сатпаева;
- Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті;
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
- М.Х.Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Телекөпірдің соңында геология және табиғатты қолдану саласындағы тақырыптарды талқылауға уақыт бөлінді.

Кездесу қатысушылары бірыңғай ақпараттық кеңістікті кеңейту және нығайтуға бағытталған осындай байланыстардың пайдалылығы мен жемістілігін атап өтті. Олардың пікірінше, болашақ мамандар қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру мен сақтауға, экологиялық ережелер мен талаптарды орындауға, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға жауапты болуы қажет.

22 және 27 ақпанда Елшілік Ресей қазақтарының 22 ұлттық-қоғамдық бірлестіктері, Омбы, Астрахан, Санкт-Петербург,  Қазан, Уфа, Орынбор, Алтай және Краснодар аймақтары, Саратов, Самара, Екатеринбург, Волгоград, Челябі, Тюмень, Калининград өкілдерімен интергет-конференциялар өткізді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Елшілік Ресейдегі қандастардан Жолдауда айтылған бастамаларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді сұрады.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері Президент Жолдауына жоғары қызығушылығын білдірді. Ресейдегі қазақтар ұйымдарының жетекшілері өз аймақтарында құжатты талқылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге, дипломаттар 2018 жылға жоспарланған іс-шаралармен, атап айтқанда Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу, «Астана – армандар орындалатын қала» балалар сурет конкурсы, «Алтын күз» қазақ мәдениетінің мәскеулік фестивалі, Қазақ тілі бойынша олимпиада, қазақ мәдениеті және тілін сақтау бойынша дөңгелек үстел және  т.б. таныстырды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 3 наурызда «Высшая школа экономики» Ұлттық зерттеу университетінің мәжіліс залында қазақстандық студенттердің қатысуымен «Анаға хат» акциясы өткізілді. Іс-шара қазақстандық жастар арасында үлкендерге, әсіресе аналарға деген құрметке негізделген дәстүрлі рухани құндылықтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның әрбір қатысушысы Қазақстан және Ресейдегі өз туған қалаларындағы ең жақын туыстарына хат жазып жіберді. Акция қорытындысы бойынша қалалар саны 10-ға жетті. Олардың қатарына Астана Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Сарыағаш, Ақтау, Шалқар, Петропавловск және Новотроицк (Ресей). Кездесу барысында «В поисках мамы» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

25 наурызда ВДНХ-да (75 павильон) Мәскеу Ұлттық саясат департаментінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекеленді. Меркелеу шеңберінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, палау фестивалі, күрес сияқты бірқатар мәдени-жаппай іс-шаралар өткізілді. Гала-концерттің ресми бөлімінде әр ел ұлттық нақыштағы әртістің өнер көрсетуін қамтамасыз етуі қажет еді. Қазақстан Республикасын «Туған елім» әнімен әнші Әлібек Альмадиев ұсынды. Гала-концерттің екінші бейресми бөліміне қазақ диаспорасының ән және би ұжымдары өнер көрсетті. «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоры мен «Этногармония» этномәдени бастамаларды қолдау қоры киіз үй және қазақ ұлттық ауласын (жәрмеңке) ұйымдастырды. Қазақ тамағы «Бауырсақ» АҚ және «Этногармония» этномәдени бастамаларды қолдау қоры сияқты компаниялармен кеңінен ұсынылды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер