Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Экономикалық ынтымақтастық

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың салалық және өңіраралық бағыттардағы жоғары деңгейі дәстүрлі түрде сақталып келеді.

Екі ел арасында 2016-2018 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары және ҚР және РФ Үкіметтері арасындағы 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Жүйелі түрде ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамындағы 7 шағын комиссиялардың отырыстары өткізіледі (ҮАК-ның 19-шы отырысы 2017 жылғы 16 қарашада Ақтөбе қаласында өтті). Шағын комиссиялар банкаралық және инвестициялық, көлiк саласындағы, өңіраралық және шекара жанындағы, әскери-техникалық, отын-энергетикалық кешендегі, ғылым және жаңа технологиялар, сонымен қатар өнеркәсіп саласындағы  ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс атқарады. 

Өзара сауда 

ҚР-дың сауда серіктестері арасында РФ-тың жетекші рөлі сақталуда.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2017 жылы ҚР мен РФ арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінің едәуір өсуі байқалды: жалпы сауда айналымы 16 млрд долл. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға артты. Соның ішінде экспорт 4,5 млрд долл. (31,1 пайызға өсу), импорт – 11,5 млрд долл. (23,5 пайызға өсу).

Нәтижесінде, ҚР-дың 2017 жылғы сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 20,6% құрап, аталған ел қазақстандық тауарлар экспортының көлемі бойынша (9,3%) төртінші орынды және импорт көлемі бойынша (39,2%) бірінші орынды иеленді.

2018 жылдың басында бұл тенденция жалғасын тапты. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы қаңтар айында 1,3 млрд долларға жетті (14,1%-ға өсу), соның ішінде экспорт көлемі 0,4 млрд долл. (+7,3%), импорт – 0,9 млрд долл. (+17,1%). Нәтижесінде, Ресей ҚР-дың сыртқы сауда серіктестері арасында импорт көлемі бойынша (үлесі - 36,9%) бірінші орынды сақтап қалып, экспорт көлемі бойынша (үлесі - 9,2%) үшінші орынға көтерілді.

Өзара инвестициялар 

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2005 жылдан 2017 жылғы 9 айына дейінгі мерзімде өзара салынған тікелей инвестициялардың жалпы мөлшері Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына - 3,4 млрд долл., ал Ресейден Қазақстанға – 11,4 млрд долл. сомаларына дейін жетті.

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда ресейлік капиталдың үлесі бар 8 397 кәсіпорын әрекет етеді.

Қазіргі уақытта ҚР және РФ арасындағы индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастықтың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленуде. Аталған құжатқа ағымдағы және келешектегі бірлескен жобалар енгізілетін болады (Бағдарламаның болжалды параметрлері: жалпы сомасы 19,8 млрд долл. шамасындағы 62 жоба). 

Өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық 

Қатынастардың қарқынды дамуына өңіраралық және шекара жанындағы ынтымақтастық зор әсер етуде. Бұл өз кезегіндеі екі елдің түрлі өңірлері арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдерге, сонымен қатар ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы 2018-2023 жж. арналған Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасына негізделеді.

Жергілікті әкімдіктер мен іскерлік топтар делегацияларының белсенді сапар алмасуы орын алуда. Жыл сайын мемлекет басшыларының қатысуымен Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізіледі.

ХІV Өңіраралық ынтымақтастық форумы 2017 жылғы 9 қарашада Челябіде өтті.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев және Ресей Президенті В.Путин Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай бірлескен мәлімдемесіне және 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттамаға қол қойды.

Бұған қоса, форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасына, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттамаға, 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға, басқа да үкіметаралық келісімдер, салалық және өңіраралық құжаттарға қол қойылды.

«Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудағы жаңа көзқарастар мен тенденциялар» тақырыбындағы келесі өңіраралық ынтымақтастық форумы 2018 жылы Петропавлда (ҚР) өтеді. 

Негізгі салалардағы ынтымақтастық 

Отын-энергетикалық кешені: ресейлік кәсіпорындар қазақстандық кен орындарын игеруге белсене қатысуда. «Хвалынское», «Имашевское», «Центральное» және «Құрманғазы» трансшекаралық кен орындардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық жалғасуда.

Өзара тиімді тәсілдемелер негізінде мұнайды үшінші елдер бағытында тасымалдау жүзеге асырылады.

2016-2020 жж. арналған Көмірді өндіру және тұтынудың бірлескен индикативтік болжамының келісілуі Көмір өнеркәсібі саласындағы аса маңызды жетістік болды.

Ғарышты меңгеру мен «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны жалғасып келеді.

2017 жылғы 12-13 маусымда Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы өтті. Іс-шара нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығының шеңберіндегі кейінгі қадамдарын реттейтін тиісті Хаттаманы қабылдады. ҮАК 5-ші отырысы негізгі қорытындыларының бірі ретінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру мерзімдерін ілгерілету болды - жаңа зымыранды ұшыру мерзімі 2025 жылдын 2022 жылға аударылды.

2016-2025 жж. «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану туралы Жол картасын сондай-ақ 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта тараптар Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қоюға дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мүдделі үшінші тараптармен бірлескен ғарыш бағдарламаларындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері де белсенді пысықталып келеді.

2018 ж. 21 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн Корольдігі делегацияларының 4-жақты пішімдегі келіссөздері өтті.

Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделер мен келісімдерді ескеріп дамытылуда.

Көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастық дәйекті түрде дамиды. 2017 жылғы 19-20 сәуірде Мәскеу қаласында Көлік жөніндегі шағын комиссияның 12-ші отырысы өтті.

XIII Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы шеңберінде «Еуропа – Батыс Қытай» Халықаралық көлік бағдарының автожол инфрақұрылымын қалыптастыру барысындағы өзара әрекеттесу туралы келісімге қол қойылған. Құжат халықаралық автомобиль желісін кезең-кезеңмен қалыптастыруды көздейді.

2017 жылғы 22 қыркүйекте РФ СІМ-де қазақстандық-ресейлік шекара арқылы жолаушылар транзитінің рәсімін жеңілдетуді көздейтін Хаттаманы ратификациялау туралы грамоталармен алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды. Теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары іс-әрекетін құқықтық реттеу ерекшеліктері жөніндегі үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға 2016 жылғы 4 қазанда қол қойылған болатын.

Құжатқа сәйкес, қазақстандық шығу бекетінен қазақстандық келу бекетіне РФ аумағы арқылы тоқтаусыз жүретін пойыздар шекара қызметтерінің тексерулерінен босатылатын болады. Аталған жаңалық Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары тұрғындарының арасындағы қатынастарды едәуір жеңілдетіп, іскерлік және туристік байланыстардың дамуын ынталандырады деп күтілуде.

Өнеркәсіптік кооперация екі жақты ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттарының бірі ретіндегі әлеуетін сақтап келеді. ҚР аумағында бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда: Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Казахстан» компаниясының автоқұрастыру зауытының құрылысы, «Vector» комбайндарының өндірісі, «Еврохим» компаниясының жүргізіп отырған фосфор тынайтқыштарын өндіру кешенінің құрылысы және т.б.

Экология және өзендерді қорғау мәселелері бойынша екі жақты ынтымақтастық белсенді дамуда. Осы бағыттағы жұмыстың оңтайлы нәтижесі ретінде, 2017 жылы ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау туралы Келісімі күшіне енді. Тараптар өзеннің экожүйесін жақсарту жұмысында әрекеттесуге, жаңа технологиялар қолдануға және бассейннің ормандылығын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу туралы келісті.

Қаржылық және банк саласындағы ынтымақтастық: қаржылық реттеушілер арасында валюталық реттеу, ақша-несиелік саясат, төлем жүйелері және т.б. мәселелер бойынша, сонымен қатар ЕАЭО, ТМД шеңберіндегі белсенді өзара әрекеттесу сақталуда. 2017 жылғы 24-25 мамырда Астрахань қаласында Банк саласындағы ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның отырысы өтті.

Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайту шаралары жүзеге асырылады. 2017-2019 жж. арналған ҚР мен РФ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыс бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2017 жылғы 5 шілдеде Алматы қаласында ӘТЫ саласындағы шағын комиссияның 15-отырысы өткізілді.

Цифрлық күнтәртібі (цифрлық экономика) аясындағы пікірталас жандануда.

2017 жылғы қазанда ресейлік «Сколково» техносаябағында Алматыдағы «Ақпараттық технологиялар саябағының» өкілдігі ашылды. Мекеме қазақстандық стартаптардың ЕАЭО нарығына шығуына қажетті жағдай жасап, оларға білім беру және акселерациялық бағдарламалар, сонымен қатар софтлендингке арналған платформалар беру түріндегі сараптамалық қолдау көрсетеді.

2018 жылғы 2 ақпанда Алматыда үкімет басшылары деңгейіндегі «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Форум жұмысына ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстанның ресми делегациялары және бірқатар ірі халықаралық IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты ретінде ұлттық цифрлық экономикаларды дамыту және олардың бәсекелестік қасиеттерін жоғарылату бағытындағы бірлескен шараларды талқылау мәселесі белгіленді. 

Интеграциялық өзара әрекеттесу 

Соңғы уақытта екі жақты ынтымақтастықтың дәстүрлі сауалдарының Еуразиялық экономикалық одақтың көпжақты интеграциялық пішіміне көшірілу үрдісі байқалады.

Кеме қатынасы туралы Келісімге қол қоюға дайындық жалғасып келеді. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап емдік дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдардың ортақ нарығы әрекет ете бастады. ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттары бекітілді.

Қазіргі уақытта ЕуразЭО-ның несие-қаржылық инфрақұрылымын жетілдіру, сонымен қатар Еуразиялық банк және Тұрақтандыру қорының  тетіктерін қолдану, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы, ауылшаруашылық кешендегі және техникалық реттеудегі бөгеттерді жою арқылы одақ мүшелерінің  қаржылық орнықтылығын нығайту мәселелері қарастырылуда. Ғарыштық және геоақпараттық қызметтер саласындағы ынтымақтастықты құру, Жерді қашықтықтан зондпен барлаудың ұлттық жүйелерін біріктіру мәселелері де талқыланып келеді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕуразЭО Кеден кодексі туралы шарт күшіне енді. Жаңа Кеден кодексі тауарларды кедендік мағлұмдаудың мерзімдерін және сыртқы экономикалық әрекет субъектілері мен кедендік органдар арасындағы байланыстарды қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл өз кезегінде, ЕуразЭО қатысушы мемлекеттерінің сыртқы және өзара саудасының әлеуетін ынталандыруы тиіс.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер