Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

"Алтын Орда" мұрасы және цифрландыру: Қазақстан ШЫҰ-ны қалай басқарады

17.11.2023

Қазақстанның 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде тұрақты даму, жоғары технологияларды енгізу, азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік негізгі басымдықтар ретінде қарастырылады. Бұл туралы ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі республиканың ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев мәлімдеді.

"Тұрақтылық пен орнықты даму, өзара сауда, цифрландыру, жоғары технологиялар мен инновациялар, ақылды ауыл шаруашылығы, көлік байланысы, "жасыл" даму, бейбітшілік пен халықтардың өркендеуі үшін азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік ШЫҰ үшін ортақ трендке айналды", – деді ол Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан ұйым мемлекеттерін ШЫҰ-ның "Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін дүниежүзілік бірлік туралы" бастамасын бірлесіп дайындауға шақырды.
Республиканың басқа бастамаларының қатарында ол ШЫҰ-ның бірлескен инвестициялық қорын құру мүмкіндігін пысықтауды, ірі стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін қалыптастыруды, цифрландыру және экология саласындағы ынтымақтастық бойынша практикалық шараларды атады.
Мұқышевтің айтуынша, ШЫҰ-ның Экология жылы аясында іс-шаралар, стартаптар мен инновацияларды қолдауға арналған цифрлық форум, сондай-ақ "Алтын Орда және оның мұрасы" халықаралық конференциясын өткізу жоспарланған.
Ұлттық үйлестіруші ШЫҰ теңдік, өзара кеңесу, өзара сенім және мәдени әртүрлілікті құрметтеу қағидаттарын сақтап жұмыс істейтінін еске салды.