Жаңалықтар

Қазақстан және Ресей IT-компанияларының өкілдері Павлодардағы форумда бас қосты

16.03.2018

Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетінде "ІТ-технологиялар – экономиканы технологиялық жаңғырту негізі" екінші өңіраралық форумы басталды.

Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейдің белгілі ІТ-компаниялары, соның ішінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеген "Зерде" холдингі, "ҚазРоботикс" Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы, Қазақстан ІТ-компаниялар қауымдастығы, "ИТ-кластер Сибири", тағы басқалар қатысып жатыр.

Шарада кіріспе сөз сөйлеген Павлодар әкімі аппаратының басшысы Тілеухан Ысқақов "Ақылды үй" мобильдік қосымшасы қалада ерекше танымалдылыққа ие болып, оған 12000 мың адам жазылып үлгергенін тілге тиек етті.

Форумның ашылу рәсімінде ІТ-технологтар қонақтарға "Ақылды үй" қосымшасы арқылы шаңсорғышты қалай пайдалануға болатынын көрсетті.

Шарада Павлодарда "Smart city" бағдарламасын енгізу, мемлекеттік қызметтерді, банк қызметтерін электронды форматта көрсету секілді тақырыптар талқыланып жатыр.