Жаңалықтар

Атырау мен Астрахань өңірлері мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

15.03.2018

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжі мен  Астрахань мәдениет және өнер колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған шара Атыруда өтіп жатқан "Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері" атты халықаралық форумның аясында жүзеге асып отыр.

Бұл игі үрдіс "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстыру үшін жасалған болатын. Сол себепті Форумға Консулдықтың бастамасымен, Астрахань облысының Мәдениет және туризм министрлігінің, Астрахань облысының Құрманғазы атындағы мәдени орталығынан делегация және Астрахань мәдениет және өнер колледжінің ұжымы арнайы қонақ болып қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда.

Айта кету керек, осы күндері Атырау өңірінде "Көрісу" мерекесіне орайластырылған және де өнер азаматтарын басын қосқан халықаралық форум жалғасуда.