Жаңалықтар

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі РФ Сыртқы Істер Министрімен БҰҰ ҚК елдердің қарым-қатынасы жайлы әңгімелесті

12.01.2018

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровпен халықаралық деңгейде мемлекеттердің, нақтырақ, Бірікке Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі  елдердің қарым-қатынасы жайлы пікір алмасты.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап Қазақстан БҰҰ ҚК төрағалық ету аясында халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелерге тоқталды.

Елші Тасмағамбетов пен Министр Лавровтың кездесуі екі елге тән достық пен сенім орнаған ортада өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 18-19-да Нью-Йоркте Қазақстанның ұйытқы болуымен БҰҰ ҚК Ауғанстан мен Орта Азия елдеріндегі түйткілді мәселелер және жаппай қыру қаруын қолданбау бойынша кездесулер өтетін болады.