Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Талантты қазақ футболшысы ресейлік клубта ойнауы мүмкін

8.01.2018

Қазақстандық жас талантты футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің "Уфа" командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік комментатор Нобель Арустамян "twitter" парақшасында жазды.

Еркебұлан Сейдахмет 2017 жылы Қазақстан премьер-лигасында «Тараз» клубында ойнады. Он бес ойынға қатысты. Бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

– Ресей кәсіпқой футбол лигасында тағы бір трансфер. Қазақстандық ең жас талантты футболшы (2000 жылы дүниеге келген) "Уфа" командасына ауысуға жақын, – деп жазды спорт маманы.

Еркебұлан 23 ақпан күні 18 жасқа толады. Одан кейін қазақстандық жас таланттың шетелдік командалармен келісімшарт жасауына жол ашылады. Кей бейресми ақпараттар бойынша Еркебұлан уфалық команданың оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Айта кетейік, Ресей премьер-лигасының ХХ тур ойындарынан кейін башқұртстандық команда 27 ұпаймен 6-орында келеді. Команданы танымал футболшы болған Сергей Семак жаттықтырады. Ал Ресей біріншілігі наурыз айында жалғасады.

Еркебұлан Сейдахмет өткен жылы қыста Санкт-Петербургтегі "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасының үздігі атанып, финалға дейін жетуіне зор септігін тигізді. Жарыстан кейін "Зениттің" жастар құрамында болып, ФИФА ережесі салдарынан келісімшартқа қол қойған жоқ.

2017 жылдың наурыз айында Еркебұлан "Зениттің" жастар құрамымен Италиядағы "Viareggio Cup"  халықаралық турниріне қатысты. АҚШ-тың "Атланта Юнайтед" клубына қарсы ойында 35 минут ішінде покер жасады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер