Жаңалықтар

Астанаға ресми сапармен Мәскеу қаласының басшылығы келді

19.09.2017

Сапар 14-17 қыркүйек аралығында жалғасты.

Делегация құрамына көтерме азық-түліктік кешен ұйымының өкілдері, сауда саласында ірі желілік компания өкілдері, "Мәскеулік жәрмеңкелер" МБМ (Мәскеу аумағында жәрмеңкелер мен фестиваль шараларының ұйымдастырушылары, Ресей және өзге қызығушылық танытқан ұйымдардың әкімшілік кеңесінің өкілдері кірді.

Бұл сапардың негізгі мақсаты – ҚР өңірлері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту  және нығайту, оған қоса Мәскеуге ҚР тауарөндірушілерінің  ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыру болып табылады.