Жаңалықтар

Мәскеуде ТМД-ға мүше елдер қарулы күштері Штабтар бастықтары комитетінің отырысы өтті

4.04.2024

Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы да қатысты.

Отырыс барысында әлемдегі әскери-саяси ахуалдың белең алу тенденциялары, қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер мәселелері қаралды. 

Кездесуге қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастыру, бірлескен байланыс жүйесін құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы ереженің жобасын талқылады. 

Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдануға қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері айтылды. Одан бөлек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жауынгерлік даярлық пен далалық оқыту саласындағы өзара іс-қимыл бағыттары қаралды.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: ХХІ ғасырдағы әскери ынтымақтастық және қауіпсіздік" атты бірлескен ғылыми еңбек таныстырылды.