Жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттар "Крокус Сити холлда" лаңкестік шабуыл құрбандарын еске алды

30.03.2024

Елші Дәурен Абаев бастаған Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары "Крокус Сити холлға" барды.

Олар қайғылы оқиға орнына гүл шоқтарын қойып, 22 наурызда болған лаңкестік шабуыл құрбандарын еске алды.

Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 144 адам қаза тауып, ондаған зардап шеккендер ауруханаларда жатыр.