Жаңалықтар

Қазақстандықтар Ресей елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қоюда

23.03.2024

Қазақстан астанасында Мәскеудегі "Крокус Сити холл" ойын-сауық кешенінде лаңкестік шабуылдан қаза тапқандарды еске алып, Ресей елшілігі ғимаратының жанына гүл шоқтарын қоюда.

Таңертеңнен адамдар құрбандарды еске алып, Ресей Елшілігінің ғимараты маңына гүл шоқтары мен шырақтар қалдыруда. Алғашқы гүл шоқтары Астанадағы Орыс үйінің ғимаратында да қойылды. Сондай-ақ, Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығына гүлдер, шамдар мен ойыншықтар әкеле бастады.

"Біз бүгін мұнда лаңкестік әрекетте зардап шеккендердің барлығына, олардың туыстары мен жақындарына көңіл айту үшін келдік. Қазақстан – бейбіт ел, біз барлық елдермен, халықтармен доспыз, ал Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі. Бізді жүз жылдық тарих байланыстырады", – деді Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Мұрат Әбдішүкіров.

22 наурызда Мәскеудегі Крокус Сити Холлда "Пикник" тобының концерті алдында белгісіз біреулер автоматтан оқ жаудырған. Ғимаратта қатты өрт шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 133 адамды құрады.