Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 6,2%-ға артқан

15.01.2019

2018 жылғы қаңтар-қарашасында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 17 084,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,2%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 5257,9 млн млн. АҚШ доллары (10%-ға өсті), импорт – 11 826,7 млн. АҚШ доллары (4,6%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.