Жаңалықтар

Мәскеудегі Гран-при кезеңінде Денис Тен туралы еске алу баннерлері пайда болды

16.11.2018

16-18 қараша кезеңінде Мәскеуде мәнерлеп сырғанау бойынша Гран-при сериясының бесінші кезеңі өтеді.

15 қарашада спортшылардың ресми жаттығулары өтті. «Мегаспорт» мұз айдынында 2018 жылғы шілдеде қайғылы жағдайда өмірден озған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 ойындарының қол жүлдегері Денис Тендң еске алуға арналған плакатар мен баннерлер пайда болды.

Rostelecom-2018 жарысындағы қыздар арасындағы жекелеп мәнерлеп сырғанауда қазақстандық спортшы, Азия ойындары-2017 қола жүлдегері Элизабет Түрсынбаева өнер көрсетеді. Бұдан ертеректе Э.Тұрсынбаева Канадада Гран-при сериясының  екінші кезеңіне қатысып, бесінші орынға ие болды.