Жаңалықтар

Қазақстаннан Ресейге қосымша төрт әуе бағдары ашылады

15.11.2018

2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңінде ресейлік "Уральские авиалинии" компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы 4 әуе бағытын ашып, A319, A320, A321 әуе кемелерімен ұшуды жоспарлап отыр:

1. Жуковский-Алматы-Жуковский – аптасына 5 рет (2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,2,3,4,5 күні);

2. Санкт-Петербург-Алматы-Санкт-Петербург – аптасына 2 рет (2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 29 наурызға дейін 1,5 күні);

3. Жуковский-Шымкент-Жуковский аптасына 2 рет (2018 жылғы 4-21 желтоқсан аралығында 3,5 күні) және аптасына 5 рет (2018 жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылғы 24 наурызына дейін 1, 3, 5, 6, 7 күні);

4. Санкт-Петербург-Шымкент-Санкт-Петербург - аптасына бір рет (2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың 24 наурызына дейін 7 күні).

Бірінші бағыт бойынша "Уральские авиалинии" әуе компаниясы ұшуға рұқсат алды. Қалған бағыттар бойынша үйлестіру жұмыстары жүруде және кейбір кестеге түзетулер енгізілуі мүмкін.