Жаңалықтар

72 мыңнан астам қазақстандық Ресейде білім алуда

18.10.2018

Бұл туралы Ресейдің жоғарғы білім және ғылым вице-министрі Марина Боровская мәлім етті.

"Ресейде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 170 мың студенті оқиды. Оның 72 мыңннан астамы қазақстандық студенттер. Оның жартысынан кем бөлігі бюджет есебінен оқиды. Ал Қазақстанда қанша Ресей азаматы оқитындығы туралы менде нақты мәлімет жоқ. Бір аптадан соң Қазақстан мен Ресей үкіметаралық жиыны өтеді. Аталған мәселені Қазақстанның білім және ғылым министрлігімен тереңірек талқылаймыз", – деді РМарина Боровская Астанада өткен Шанхай Ынытымақтастық ұйымына мүше елдер білім министрлерінің жиынында.