Жаңалықтар

Қазақстан және ресей полиция қызметкерлері тәжірибе алмасады

20.09.2018

Шығыс Қазақстанда еліміздің барлық аймақтарынан жиналған полиция қызметкерлері көрші Ресей еліндегі әріптестерімен бірлесіп, кәсіби шеберліктерін шыңдайтын оқу-жаттығу шарасына қатысты.

Жедел іс-әрекет ету барысында кез келген оқиғаға дайын болып, тиімді тактиканы қолдану тәртіп сақшысының өмірі үшін де, қызметі үшін де маңызды. Сондықтан жиналған құқық қорғаушылар дәл осы тұрғыда тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Терроршыларды ұстау, қылмыстық топты қарусыздандыру, нысанаға дәл тию, қоян-қолтық күресті сәтті пайдалана білу сияқты тапсырмаларды ішкі істер басқармасының мамандары үлкен ептілікпен орындады.

Айта кеткен жөн, кездесу өтіп жатқан облыстық оқу-жаттығу орталығы – еліміздегі ең үздік орындардың бірі. Мұндағы мүмкіндіктерді ресейлік күш құрылымының өкілдері де жоғары бағалады.

Аят Мұратбаев, Алматы облысы ІІД арнайы даярлық басқармасының бөлім басшысы:

– Құқықбұзушылық болған кезде полиция қызметкерлерінің табельдік қаруды дұрыс қолдануынан, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгере білу іс тәжерибелерді бір бірімізге көрсеттік, қалғанымыз осы бүгінгі оқудан алғанымызды жергілікті жерлердегі жеке құрамға жеткізіп, үйрететін боламыз.