Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-шілдедегі 10%-ға артқан

14.09.2018

2018 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 10783,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,0%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 3467,5 млн. АҚШ доллары (16,2%-ға өсті), импорт – 7316,0 млн. АҚШ доллары (7,3%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.