Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-маусымда 6,3%-ға артқан

15.08.2018

2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8868,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,3%-ға артты,  деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 2839,7 млн. АҚШ доллары (11,3%-ға өсті), импорт – 6028,4 млн. АҚШ доллары (4,1%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,0%, Қырғызстан Республикасына – 4,3%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.